
ҚАРЛЫҒАШ ҰЯ САЛҒАН ҮЙ
Шаңырағыңызға қарлығаш ұя салды ма? Баяғыда, біздің ауылдағы аядай үйіміздің ауызғы бөлмесіне қарлығаш келіп, ұя салатын. Елді мекендегі дәйім есіктері ашық тұратын қарашаңырақты емін-еркін қонақтап, қоныс ететін. Құстар – біздің досымыз деп үйрететін тәлімгерлеріміз бізге. Досқа бай адамның көңілі жай....