Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» Талай түлектерге мамандық сыйлап, иықтарына лейтенант атағын тақты

Талай түлектерге мамандық сыйлап, иықтарына лейтенант атағын тақты

   Еліміз дамыған сайын көптеген ірі оқу орындары ашылып, қоғамға қажетті мамандықтар өз пайдасын тигізуде. Сондай ірі оқу орындарының бірі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті  Көкшетау техникалық институты болып табылады. Көкшетау қаласында орналасқан Көкшетау техникалық институты жылдан жылға өзінің базасын үлкейтіп, заман талабына сай түлектерді оқытып шығаруда. 
 Азаматтық қорғау органының осы оқу орны талай түлектерге мамандық сыйлап, иықтарына лейтенант атағын тақты. Қазіргі таңда еліміздің көптеген қалаларында, облыстарында, аудандарында қаншама маман жұмыс атқаруда. Мақсаты адам өмірін құтқару, төтенше жағдайды болдырмау, өрт деген тілсіз жаудың алдын алу, халықтың  құнды мүлкін аман сақтау.
 Оқудың оң жақтары өте көп. Курсант төрт  жыл тегін оқып, жататын жері және әскери киіммен, тамақпен қамтамасыз етіледі. Бітірген жас түлек бірден лейтенант шенін алады. Жұмыспен қамтамасыз етіледі.  Оқудың нанын жеу үшін әлбетте білімді болуыңыз қажет. Екіншіден денешыдамдылығыңыз мықты болуы тиіс. Турникке тартылу, қашықтыққа жүгіру, төрт қабатты оқу мұнарасына саты арқылы шығу сынды сынақтарға берік болсаңыз, құтқарушы болып еліңізге қызмет жасайсыз. 2020-2021 жылғы барлық мектеп бітірушілерді Көкшетау  техникалық институтына оқуға түсуге шақырамыз.


Жаңақорған ауданыныңТөтенше жағдайлар бөлімінің  инженері      
аматтық қорғау аға лейтенанты   Ө. Мүбарак


                                                                                                                                                                      
---
18 қараша 2020 ж. 267 0