№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "БІЛІМ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ"

"БІЛІМ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ"


Биыл ауданда 1023 түлек мектеп бітіруде. Соңғы қоңырау салтанаты жақындаған тұста аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Есенбаев «Жаңақорған тынысы» газетінің брифинг алаңында сұхбат берді. Брифингті газеттің бас редакторы Баян Үсейінова жүргізіп, білім сапасы жайында өрбітті.

– Биылғы жылы шәкірттердің аяқ алысы қалай?
         Балалардың білім деңгейін және дамуын айқындайтынбірден-бір көрсеткіш  – ол пән олимпиадасы. 2023-2024 оқу жылы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңге ауданымыздан 5-6,7-8,9-11 сыныптар бойынша  57 оқушы қатысып, 21 оқушы жүлделі орын (І орын-1,II-6, ІIІ орын-14), 6 Алғыс хат   иемденді. Республикалық кезеңіне 2 оқушы қатысып, 1 оқушы жүлдегер атанды.    
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-ақпан ұбтқорытындысымен  1023 түлектің 841 тапсырып, ауданның орташа балы 80% құраса, наурыз айында 1023 түлектің 743 тапсырып, ауданның орташа балы 84% құрап отыр. ҰБТ көрсеткіші бойынша  аудан 1 орынға шығып отырмыз.Бұл да бір  білім саласында ауданымыз үшін жоғарғы жетістіктердің бірі.
– Мемлекеттік білімконкурсына түсуге мүмкіндік беретін мамыр және маусым аралығындағы ҰБТ –ге  1023 түлектің 951 түлек 92,9% өтініш білдіріп отыр. Бітірушілердің арасында 89 бала "Алтын белгіге", 109 бала "Үздік аттестатқа" үміткер.
Биылғы оқу жылында қандай жұмыстар атқарылды?
Білім алушылардың білім сапасын арттырудың бір жолы - оқу процесінжүйелі ұйымдастыру.3  оқу тоқсанын барлығы 44 мемлекеттік және 8 жеке мектеп бойынша 19864 оқушымен бастап, 19885 оқушымен аяқтады. Үздікке оқитын оқушылар саны – 4249 оқушы, жақсы оқитын оқушылар саны- 5736. Аудан бойынша жалпы білім сапасы 59% құрап, 2 тоқсанмен салыстырғанда 2 пайызға өсіп отыр.
Сондай-ақ, Қызылорда облыстық оқу орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығыныңұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңінен  И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құрбан Гүлнара 1 орын алып,республикалық кезеңде сертификат алды.
 «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өткізіліп 5 оқушы орын алды. Қазақ сыныптарының арасына №162 мектебінің 2сынып оқушысы Сәбит Нұрымжан 1 орын, №51 мектебінің 3 сынып оқушысы Тынбек Жантөре 3 орын, №51 мектебінің 4 сынып оқушысы Манасбай Ұлдана 2 орын алды, ал орыс сыныптарының арасынан «Заңғар» интеллектуалды мектебінің 3 сынып оқушысы Алиханов Асаналі 3 орын және «Заңғар» интеллектуалды мектебінің  4 сынып оқушысы Аянұлы Санжар 2 орын алды.
«Бастау» республикалық математикалық турнирінің республикалық кезеңінен №162 мектебінің 2сынып оқушысы Сәбит Нұрымжан 3 орын алды. «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық  кезеңі өткізілді. Ергали Әліби №54 орта мектебі 3орын,Қалдан Данагүл №223 орта мектеп, Жолдықожа Нурсаят №256 мектеп 3 орын. Оңғар Раяна №167 мектеп 2 орын, Әшірбеков Арман №160 мектеп 3 орын, Кенжебек Ханым Daryn school  мектебінің оқушылары орын алды.
№192 орта мектебінде «Ортақ тәжірибе-ортақ іс» атты аудандық семинар ұйымдастырылды. 2023 жылы 7 сәуір күні №110 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жетілдіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Заманауи білім – тиімді әдіс пен ұлттық құндылықтардың көрінісі» атты аудандық семинар өткізілді.

 – Тәрбиешілер талапқа сай ма?
            Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 791 педагог бар болса, оның 324-і мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымда, 431-і жекеменшік ұйымда, 36-ы мектеп жанындағы шағын орталықтарда жұмыс жасайды. Жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарына 1229 бала қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші- 87,9%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100%. Бүгінгі таңда облыстағы 114 балабақша "мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруға жолдама беру үдерісі мен кезектілікті қалыптастыру мен қызметін автоматтандыру" жүйесіне 100% қосылған. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі жаңа құрылыстың, сондай-ақ, жеке нысандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ашылуының есебінен ұлғаюда. Кезектілікті жою мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қуаты 1720 қосымша топ ашу жұмыстары жоспарлануда.
– №163 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні көпті қуантуда. Осы жайында айтып өтсеңіз?
 Құрылыстың бас мердігері –« BAQ  Building Group»  ЖШС-і екені анықталды. 2024  жыл 26 мамырдан бастап осы жылдың 25 тамызы аралығында күрделі жөндеу өтеді. Сондай-ақ, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте 20 орындық асхана мен  спорт зал салу» жұмыс жобасы (сметалық құны -182,583 мың теңге) Сатып салу жұмыстары жүріп жатыр. Жаманбай батыр ауылындағы №54 мектепке жаңа бастауыш сыныпғимаратының құрылысы жүріп жатыр.
Қаржыландырудың ұлғаюына байланысты соңғы жылдары орта және мектепке дейінгі білімді дамыту аясында республикалық және жергілікті бюджет есебінен білім беру ұйымдарының құрылысы мен қайта салу,  олардың материалдық техникалық базасын нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап кент орталығындағы №286, 169  мектеп ғимараты және май бекеті 300 орын мектеп жаңадан пайдалануға берілсе, 1 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. (Байкенже 150 орын).
Одан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленген. Аталған жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектеп салу көзделген. Жоба аясында Жаңақорған ауданы 2 мектеп ұсынылды. Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылынан 300 орындық және Жаңақорған кенті Саяжай тұрғын ауданы Т.Құлымбетов көшесі бойынан 600 орындық мектеп құрылысы, басталды. Екі мектеп құрылысы бойынша жаңа құрылыс салатын мектеп жері нақтыланған, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр жаңа оқу жылына беріледі деп жоспарлануда.

ТҮЙІН. ТҮЙІН. Биылғы оқу жылы жағымды жаңалыққа толы болды. ҰБТ-көрсеткішінен
үздік, білім деңгейі жөнінен үшінші орында тұрмыз. Шәкірттер мен ұстаздардың
шығармашылық өрлеуі де жоғары деңгейде. Кемел келешегіміз жас ұрпақтың
қолында болса, өскелең жасты сапалы білім мен тәлімді тәрбиемен қамту білім
беру ұйымдарының құзырындағы жұмыс. Жас буынның жарқын болашаққа сенімді
қадам басуы, кейінгі өмір сапасының жоғары деңгейде болуы мектептен алған оқу
және білім сапасымен өлшенеді. Сол үшін білім ордаларында қажырлы еңбек етіп
жүрген мұғалімдер мен оқытушылардың маңызды рөлін жете түсініп, олардың
кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына барынша жағдай жасау керек. Үнемі
шығармашылықты, кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің педагогикалық
шеберлікті меңгеруі мен педагогикалық жұмыстың шебері атануға, өзіндік
шығармашылық зертханасын құру үшін қажетті қасиеттер мен дағдыларды
дамытуға көмектеседі. Ал нағыз ұстаз әрдайым ізденіс үстінде болатын ұстаз деп
сөзімді түйіндеймін.
Мақпал МАРҚАБАЙ
17 мамыр 2024 ж. 2 619 0