Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » ВИЧ: Ауру жұқтырғандар саны артуда

ВИЧ: Ауру жұқтырғандар саны артуда

Республикалық СПИД-пен күрес және профилактика орталығының мәлімдемесіне жүгінсек, 57544 қазақстандық азамат қауіпті індет құрсауында тұр. ВИЧ дертін жұқтырғандар қатарында- медициналық қызметкерлер, дәрігерлер, мейірбикелер, лаборанттар да бар. Қауіпті ошақ тізімінде сән-салондары, тіс емханасы, хиджама жасау мекемелері де енді. Инфекция көзі 27 орында анықталған. Сондықтан біз бүгінгі тақырып ауанын қауіпті індетпен күрес және одан сақтану мәселесіне бұрып отырмыз.

Әйелдердегі ВИЧ қауіпті

Жаңақорғанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 23 адам. Оның 9-ы әйел, 14-і ерлер. Биыл 6 әйел босанды. Індет балаға өтпеуі үшін вирусқа қарсы дәрі қабылдады. Ал 60-80 жас аралығында 3 адам есепте тұр. Айықпайтын ауруға шалдыққандар қоғамға қандай қауіп төндіруде? Сақтану шаралары қандай? Халық назарын аударған басты сұрақтарға жауапты маман Жаңақорған аудандық саналы әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Раушан Тотаевамен сұхбаттасқан едік.

– Әлем бойынша Қазақстан алғашқы ондыққа енуі еліміздегі ахуалдың күрделеніп бара жатқанын білдіреді. Қазір қауіпті аймақтар қатарында Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында ВИЧ-инфекциясын жұқтыру оқиғалары жиіледі. Түркістан облысында 1500 науқас тізімде, ал біз бұл өңірмен тығыз байланыстағы аудан болғандықтан сақтық шарасын күшейткеніміз абзал, – деп бастады ол әңгімесін.

ВИЧ жұқтырған жаңақорғандықтар арасында көп балалы азаматтар, халыққа қызмет көрсету ұйымдарының мамандары, жеке кәсіп иелері бар. Өткен жылы инфекция 2 науқастан анықталса, биыл 9 айда 5 азаматтан анықталып отыр. Ал әр науқастың артында 10 науқас тұрғанын тағы да ұмытуға болмайды. Жыныстық жолмен жұғатын індеттің қауіп-қатерін ескеріп жатқан адамдар аз. Ұлы сөзде ұяттық жоқ, жас-кәрінің жыныстық қарымқатынаста сауаттылықтың төмендігі орны толмас өкінішке ұластырып отыр.

Сап-сау болып кіресің, СПИД жұқтырып шығасың

Жасыратыны жоқ, жерлестердің арасында ел-жер асып Түркістан мен Тәшкенге барып, тәуіп жағалайтындар аз емес. Індеттің ілмегіне іліккендердің бірі осындай емшілердің көмегіне жүгініп, сүлік салдырып, хиджама алдырамын деп жүріп айықпас дертті жұқтырыпты. Міне, осыдан-ақ, халықтық медицинаның сақтық шараларын қатаң сақтай бермейтінін ұғынған жөн.

Қазіргі заманға сай сән-салтанатын түзеу үшін түрлі салонның көмегіне жүгінетін сылқымдар аз емес. Індет жұқтырғандар ішінде тырнақ жасатқандар көп. Инфекция ошағы болуы мүмкін сән-салондарын бұйрықпенен жаптырғанның өзінде басқа атаумен өзге орыннан ашып жатқан жайлар да кездеседі екен.

Нарко-диспансерлік тізімде тұратындар арасында қолданылған иненінің көзін жоймай, баланың ойыншық қылып ойнауынан қасіретке соқтырған жайдайлар өз өміріне де, бала өміріне де, қоғам өміріне де қауіп төндіруде.

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ!

Эпидтексеріс барысында республикалық "СПИД" орталығының қызметкерлері мынандай шешімге келген — жасөспірімдер арасында ВИЧ инфекциясының қауіптілігін насихаттап, сауаттылыққа баулуда ашықтық маңызды. Міне, осы тұста ата-аналар тарапынан жыныстық сауаттылықты насихаттауға қарсылықтар бар. «Жыныстық қорғаныш құралдарын насихаттап, бала көңілінде жоқты айтуға болмайды» дегенді алға тосады. Ал біз сәби көрген еркетайлардың ессіз қадамға барып, тырнақ тістеп қалып жатқан жағдайлар күн сайын көбейіп отыр. Бұл тұрғыда сауаттылық пен мәдениет жоқтығы аты жаман аурудың артуына себепші болуда.

Ағзаның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамның алғашқы белгілері бірнеше жыл кезеңінде жүреді. АИТВ жұқтырғандардың жартысында симптомсыз кезеңі 10 жылдай мерзімді құрайды. АИТВ қанға түскен кезде иммунитетке жауапты қан жасушаларына таңдап барып бекінеді, бұл – осы жасушалардың үстіңгі бетінде, АИТВ танитын CD 4 ерекшелік молекуласының болуына байланысты. Осынау жасушалардың ішінде АИТВ көбейеді және әлдебір иммунды жауап қалыптасқанға дейін-ақ, бүкіл ағза бойынша жылдам таралады. Бірінші кезекте лимфо түйінін зақымдайды, себебі ол осы иммунды жасушалардың көптеген мөлшерінен тұрады. АИТВ ауруының жылдам өрістеуі кезінде CD 4 жасуша – лимфоциттердің барған сайын көп мөлшерінің зақымдануына әкеліп, оның мөлшері бірте-бірте азаяды, соңғы нәтижесінде ЖИТС-тің басталуына негіз қаланады.

Егер өз ортаңызда АИТВ жұқтырған адам бар болса, жөтелген және түшкіргенде, амандасқанда, құшақтасқан және сүйіскенде, ортақ тамақты не сусынды ішкенде, бассейндерде, моншада, саунада, қансорғыш жәндіктер мен жануарлардың шағып алуы арқылы таралады. АИТВ – бұл адамның ғана вирусы, сілекейде және басқа да биологиялық сұйықтарда, жұқтыруға әкелуге қабілетсіз өте аз мөлшердегі вирус болады. Егер биологиялық сұйықтарда (сілекей, тер, көз жасы, кіші дәрект, үлкен дәрет) қан болса, жұқтыру тәуекелдігі орын алады.

ТҮЙІН. Бейберекет жыныстық қарым-қатынас, оңды-солды жүрістұрыстың соңы айықпайтын ауруға әкелуде. Сондықтан әр азамат өз ісәрекетіне жан-жақты жауапты болмаса аты өшкір кеселдің үкіміне үнсіз көндігуге тура келеді.

Мақпал МАРҚАБАЙ


20 желтоқсан 2023 ж. 4 306 0