Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дәстүрлі медицина дәреметі

Дәстүрлі медицина дәреметі


Бүгінде балтыры сыздап, басы ауырғандар арасында хиджама жасау, сүлік салу еміне жүгінетіндер көбейді. Оның ішінде нәзік жандылардың қатары еселенді. Өйткені, хиджама жасау кезінде адам бойындағы қан алмасу жақсарып, арам қан сыртқа шығады, жасушалар жаңарып, ағзаға оттегі еркін тарап, адам бойын зиянды заттардан арылтады деседі. Сәті түсіп, ауданымыздағы «Әмина» емдеу орталығының негізін қалаушысы Қамажай Мұратқызымен кезігіп, әңгімелесудің сәті түсті.

 Қазіргі медицина мен дәстүрлі медицинаның тепе-тең келе жатқан уақыты. Күн өткен сайын дәстүрлі медицинаға жүгінетіндердің қатары көбейді. Неге десеңіз, ағзаға ешқандай зиян келтірмей, сауықтырып жатырмыз. Әсіресе, бедеулік, геникологиялық ауру кезінде пайдасы өте көп. Хиджама денедегі өлген қанның клеткаларын алып тастағаннан кейін, жаңа қанның клеткалары пайда болады. Қан айналым жақсарып, ағзадағы қабыну процестерін азайтып, қоюланған қанды сұйылтады. Бұл ежелден келе жатқан емдеу тәсілі. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бастайды, өз қасиетін жоғалтады, ағзаға түскен зиянды нәрселерді жинайды. Бұндай тұрып қалған қан кесірінен денедегі әр мүше өз жұмысын толық атқара алмайды.

– Қан алдыру көптеген аурудың алдын алады дедіңіз. Толықтыра түссеңіз...

– Хиджама әйел адамның ағзасына өте шипалы. Өйткені, жас қыздар денеге жабыстырып киім кигеннен денедегі қанның іркілуі жүреді. Қан іркілгеннен кейін аналық клеткалардың жұмысы бәсеңдеп, қыз балалардың жүкті болуға қауқары жетпей жатады. Сондай-ақ, көп әйелдерде климакстық кезең ерте келіп қойып жатыр. Неге десеңіз, қажетті жерге қан айналымы болмаған кезде аналық клеткалар дұрыс жұмыс істей алмайды. Осындай кездерде біз хиджама жасау арқылы клаткаларды жаңартып, қан айналымын жақсарта аламыз.

– Хиджама қалай жүзеге асады?

– Терінің жоғарғы жағындағы белгілі бір орындарды тілу арқылы қан шығарылады. Оған қазіргі заманауи құралдарды пайдаланған дұрыс. Ауру бір науқастан екіншісіне жұқпау үшін әрбір емделушіге жеке құрал-жабдықтары қарастырылуы тиіс. Хиджама жасалғанға дейін және кейін барлық құрал­дар тазаланып, дезинфекциялануы керек. Әрбір ем қабылдаушы үшін бұрын қолданылмаған жаңа кұралдарды пайдалану қажет. Хиджама жасаудағы ең бастысы – тілік дұрыс болуы қажет.

– Көпшіліктің көкейінде жүрген яғни хиджамадан кейін «гепатит немесе қан ауруын жұқтырып алуым мүмкін» деген қорқынышта жоқ емес. Бұған не дейсіз?

– Өте орынды сұрақ. Хиджамаға жүгінген кез келген жан дұрыс, сауатты маманды таңдай білсе, алаңдауға еш негіз жоқ. Біздің орталықта және өзімнің шәкірттеріме үнемі айтып, қадағалап отырамын. Яғни, әрбір адамға жекежеке банка, стерилді мақта, алмас, қолғап барлығы бір реттік қана болады. Бір адамға қолданғанды, екінші адамға қолдануға мүлде болмайды. Бұл менің өзіме де, шәкірттеріме де қоятын ең үлкен талабым. Осы тұста айта кетейін, осы уақытқа дейін 50-ден астам әйел ана болу бақытына кенелген екен. Бұның барлығы алдымен Алланың арқасы деп білемін. Себебі, «Бесік тербетілмеген үйде береке болмайды» дегендей, перзент – жаратқанның беретін үлкен сыйы. Ал біз, дәрігерлер осы бақытқа кенелу жолындағы себепші ғанамыз..

– Сөзіңізге қарағанда шәкірт те тәрбиелеп жатқан секілдісіз?

– Ия, көп мамандарды дайындап жатырмын. Өзім «дәрігер» деген ардақты мамандықты арқалап келе жатқаныма 9 жыл болды. Осы жылда жиған-терген білімімді, ізденіс пен тәжірибемді жинақтап, «Әмина» және @girudomed_almaty01 медициналық орталығын аштым. Бұл менің әріптестерімнің, емделушілерімнің артқан сенімі арқасында жеткен жетістігім. Менің мақсатым – науқастарды мүмкіндігінше табиғи жолмен емдеу. Осы орайда, сіздерге терапиялық, гирудотерапиялық, гинекологиялық, хиджама салу, имбилдинг қызметтерін көрсетіп жүрмін. Бізде оқып жатқандардың алдыңғы қатары 61 жастағы невропотолог врач болса, одан кейінгі 25-30 жастағылар. Біздің орталықтағы мамандардың барлығы да білікті, арнайы оқытылған, өз істерінің нағыз білгірлері.

– Орталықта қыз-келіншектерге косметологиялық хиджама жоғары сұранысқа ие секілді...

– Адамдар қазір тез әзірленетін фаст фуд, хот-дог секілді тағамдарды тұтынады да, салдарынан асқазаны бұзылады. Сөйтіп, бетіне әртүрлі пигментті дақтар мен безеулер пайда болады. Мұны жойып, алдын алу мақсатында бетке хиджама жасау маңызды. Бүгінде бізге осы емді қолданушылар арасында ер адамдар көп. Соның ішінде жасөспірімдер жиі келеді. Косметологиялық хиджама беттегі қанды айналысқа түсіріп, адам көркіне әдемі рең беріп, ағартады. Табиғи сұлулықты сақтайды.

– Сіздің хиджамамен қатар, сүлікпен де емдейтініңізді білеміз? Сүліктің адам ағзасына қандай әсері бар?

– Сүлікпен емдеуде өте қарқынды дамып келе жатыр. Ешқандай химиялық дәрісіз көптеген қыз-келіншектердің ана атануына себепкер болудамыз. Сүліктер гармондық жүйені қалыпқа келтіріп, әрі қан айналымын жақсарта отырып әйел ағзасына оң әсер етеді. Біз тек арнайы сертификатталған медициналық сүліктерді қолданамыз. Бір рет қолданғаннан кейін, екінші рет қолданбаймыз, өлтіріп отырамыз.

Әсел Рзаева

28 маусым 2023 ж. 2 605 0