№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

№21 (8732) 12

12 наурыз 2024 ж.

№20 (8731) 7

07 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Назарбаевқа ұялы телефон арқылы хат жолдауға болады

Назарбаевқа ұялы телефон арқылы хат жолдауға болады

Президенттің баспасөз қызметі 3 шілде күні  мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Жаңа сайттың ерекшеліктері ретінде оның қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттың планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, «Президентке хат» функциясы аясында мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады.
Сонымен қатар, Ақорданың баспасөз қызметі президент қатысуымен өтетін іс-шаралар тізбегін де жариялады.  2 шілдеде президенттің  қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу жоспарлануда.
3 шілдеде өтетін жиында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның есебі тыңдалады.
4-6 шілде күндері мемлекет басшысының Астана күніне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.
8 шілдеде елімізге Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сапармен келеді. Сапар барысында Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары қарастырылады.
9-10 шілдеде Қазақстан президентінің Ресей Федерациясының Уфа қаласында өтетін ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысуы көзделген.
Дереккөз:
Nur.kz
12 шілде 2021 ж. 6 896 0