Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АТАҚОНЫСТЫҢ ҚАСИЕТІ...

АТАҚОНЫСТЫҢ ҚАСИЕТІ...

   Қаратау бөктерінде табиғаты көркем, тарихы бай «Ынтымақ» деген қоныс бар. Сонда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қырғызәлі бабаның рухына Құран бағышталып, қара шаңырақ құрылысын аяқтап, мемориалдық тақта орнатылды. Оған аудан басшылары мен зиялылар қауым өкілдері, ағайын-туыс қатысты.


Ауданның құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасовтың баяндауынша, мұнда 1928 жылы Ынтымақ, Қосүйеңкі, Талдысу колхоздары құрылған. 1954 жылы шағын колхоздар ірілендіріліп, «Қазақстанның 30 жылдығы» колхозына біріктірілген. Қосүйеңкі елді мекеніне тұрақтаған жандардың біразы қуғын-сүргінге, ашаршылыққа ұшырап, Шорнаққа, Жетісайға, одан ары Өзбекстанға қоныс аударған. Елден кеткен ағайындардың көбісінің ұрпағы сол жерді қоныс қылып, тұрғылықты халықпен сіңісіп кеткен.
Араға алпыс жыл салып, Тәуелсіздіктің арқасында бастарын қосып, берекелі істі қолға алған ағайындардың алқалы отырысында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев салтанатты шараға қатысушыларға құттықтау сөз арнады.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын нағыз рухани жаңғыруға бастайтын ақ түйенің қарны жарылған күндегі шара екен. Ең Рухани жаңғыруымыздың бастамасы – осы Түркістан маңын түлетуден басталды. Рухани орталығымызды Түркістан ету – Елбасының үлкен саясаты. Тәуелсіздігіміздің отыз жылында бұған үлкен басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда туған ата қоныстарымызда, елді мекендерде рухани тарихи-танымдық шараларды көбірек өткізу керек. Қазір рухани және экономикалық жаңғыртуларға қаржы бөлінуде. Ұлы Жібек жолындағы рухани орталығымыз іргеміздегі Сығанақ қалашығы Қазақ хандығының орталығы болған. Хандар мен қазақ руларының басы қосылған осы қалашықты қайта жаңғыртуға зор мән беріліп, қалпына келтіруге қаржы бөлінді. Елбасы болашақта елді мекендерге, ауылдарға мән беру, жол салу керектігін айтуда. Осы Қосүйеңкі топырағынан елімізге ғана емес, дүние жүзіне танымал тұлғалар да шыққан. Оларды жастарымыз біле бермейді. Жастарға жол көрсетіп, рухани тәрбие беру, ата-бабаларымыздың қай тектен шыққандығын, қай жерді қоныс еткендігін түсіндіру біздің парыз, – дей келіп, бабалар қонысындағы айтулы шараға қомақты үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
Салтанатты шарада Жаңақорған ауданының дамуына үлес қосқан Мадияр Ахметұлы, Зинабдин Шермағамбетұлы, Аманкелді Абдуллаев, Әнуар Қалтаев, Молдахмет Ысқақов сынды ақсақалдар сөз алып, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған жастарға ақ жол тіледі. Бүгінгі күні ел дәулетін еселеп, бизнестің тасын өрге домалатып, өз салалары бойынша ел ағалары Керімхан Егізбаев, Марат Көпешев, Мейрамбек Құлпейісовтер аталар аманатын жалғастыруға уәделерін берісті.
Айта кететіні, Ынтымақ даласынан жазушылар мен ғалымдар, қайраткерлер мен өнертапқыштар кіндік тартып, елдің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сондықтан Ынтымақта дүбірлі той өтуі орынды-ақ.
Салтанатты шара соңында «Ынтымақты» қоныстанған төрт рудың басында тұрған аталардың есімдері жазылған мемориалдық тақта бой көтеріп, лентасы қиылды.

Ескендір ЕРТАЙ
25 маусым 2019 ж. 742 0