№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » КӨРГЕНДІ АНАНЫҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАН АҚЫЛЫ...!!!

КӨРГЕНДІ АНАНЫҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАН АҚЫЛЫ...!!!



"Балам, алған жарың - əуелі Алланың аманаты, сосын бүтін бір əулеттің аманаты. Аманатқа қиянат етіп, ақысын жеуден сақ бол. Өз жұртында аз ғана уақытқа қонақ болған қыз баласы барған жерінде соңғы күніне дейін қалады. Оның əрі қарайғы өмірі сенің оған жасаған қарым-қатынасыңа байланысты болмақ. Сіңісуіне жəрдемші бол. Жылатпа. Көз жасының ауырлығын арқалама. Онсыз да нəзік жанына жара салма. Адал бол. Сен оған бір рет жақсылық етсең,- ол өз кезегінде сол бір жақсылығыңды ғұмыр бойы еселеп қайтарумен болады. Оның жүзінен нұр мен күлкі көргің келсе, жұмсақ бол. Пайғамбарымыз (салаляху алейхи уассалям) өсиеттегендей мұсылман бол. Ұсақ-түйек кемшіліктерін байқасаң, өзіңнен қателік іздеп, түзел. Құранда да өзін түзегеннің айналасын Алланың Өзі туралайтыны айтылған. Əйелінен кемшілік біліне бастаса, сөзсіз ерінің амалдарында қателік бар деген сөз. Мұқият бол. Ешқашан əйеліңді көпшілік алдында кемсітпе де, сөкпе. Ол оны қорлайды. Саған суып қалады. Есіңде болсын! Жат жұртта жүрген қыз өз төркініне деген сағынышта болады. Қайын жұртың жайлы оған жаман сөз айтушы болма. Қарындас, əпкелеріңді есіңе ал. Сендерді тілдеп күйеу бала, жезделердің əпке, қарындастарыңды мінегенін қалайсың ба? Өзіңе қалағанды оған да қала, өзіңе қаламағанға оны да душар етпе. Əділ бол! Сол - шынайы мұсылмандық.
Дүниеге ұрпағыңды əкелсе, əуелі Жаратқан Раббыңа шүкір ет. Сосын жарыңды аяла. Дүниеге сəби əкелген əйелдің жаны да, тəні де сезімтал əрі үлбірек болады. Көңіліне сақ бол. Денсаулығын күт. Оның денсаулығы ұрпағыңның саулығына тікелей байланысты. Ішім-жемде ризығынан қыспа. "Садақаның ең абзалы - отбасына жұмсалған мал-мүлік" деген хадисті үнемі жадыңда тұт. Аллаһ берекеңді арттырады. Кедейлікке себеп болар амалдардан қашық бол. Ерте тұр, кеш жат. Адалынан нəпақа іздеуде табанды бол. Еркектің үйде қол қусырып жатуы - қасиетсіздік. Нан тауып кеп шаршап жатқанның жөні бөлек. Сені əйелің хандай көргенін қаласаң, еркектік намысың болсын. Əйелдің қазаны мен ошағына араласып, күңкіл əңгімелерге бейім болма. Дайындағанын ішіп, же де, соңынан еркелетіп алғыс айтуды əдетің ет. Бұдан кейін оның тек құлпырғаны мен əбек боп қызмет еткенін көресің. Еңбегін бағала.
14 маусым 2019 ж. 1 630 0