№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Іліммен сусындаудан жарысайық!

Іліммен сусындаудан жарысайық!



"Құмсахаба" мешітінің имамы және "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының ұйымдастыруымен "Құмсахаба" мешітінде Қасиетті Рамазан айының қарсаңында марафон бастау алды. Марафоннын шарты үй тапсырмасы ретінде Құран-кәрімнен тапсырма беріледі, яғни сүрелердің қазақша мағынасын түсініп, ой-жүгірте отырып оқу. Жұма намазының алдында бүкіл жамағатқа осы берілген сүрелерден сұрақ қойылады. Жалпы 6 сұрақ қойылады, үшеуі ынталандыру Құран кітаптың қазақша мағынасы жазылған кітап болса, 3 сұрақ жүлделі орындар.


Бірінші сұраққа жауап берген кісі "Алғыс" хат пен 3000 теңгеге ие болса, 2-ші сұраққа жауап берген кісіге "Алғыс" хат пен 5000 теңге табысталады. Ал, ең күрделі сұраққа жауап берген кісіге 7000 теңгемен, мешіт имамының атынан "Алғыс" хат беріледі. Марафонның мақсаты жамағатты Құран түскен қасиетті айда имандылықпен сусындау. Оразаның алғашқы жұмасы яғни 10 мамыр күні "Рахман" және "Мүлік" сүрелерінен болды. Жалпы марафонға 500 адамдай қатысты. Жамағат өте белсенді болды. Бірінші сұраққа Алиакбарұлы Құдайберген жауап берсе, екінші сұраққа Абдуллаев Серік жауап берді. Басты сұраққа Әлібеков Алмат   жауап беріп өздерінің Алланың кітабы Құранға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бір қызығы сол,  Серік пен Алмат марафонға ризашылықтарын білдіріп, ақшалай жүлдені келесі марафонға табыстап кетті. Бұлда болса ол кісілердің марафонның жалғасын көргісі келетіндігі, болса керек.
                                                                                                            Наржан МОЛДАБЕКОВ.
13 мамыр 2019 ж. 1 014 0