Әрбір қазақ оқуы тиіс 10 кітап
Кітап – өмір сүру формасының басты алғышарты. Адамды адам ететін де, надан ететін де – кітап. Ішіне бар ғаламның ілімі мен білімін, салты мен санасын сыйдырып, ақыл азбайтын тон екенін жеті жасар баладан 70 тегі қарияға дейін үйретіп келе жатқан да осынау құнды зат болар бәлкім. Кітаптың шексіз-шетсіз пайдасын айтпағанда, адамды адам етуге тәрбиелейтін негізгі құрал. Әсіресе, Отанды сүю, отбасының бағасын біліп, өмірде өзіндік кірпіш қалауды санаға сіңіретін де осы бір тілсіз болса да тылсым күш. Олай болса, әрбір қазақпын деген жүрегі қазақ деп соққан жандар міндетті түрде оқуы тиіс 10 кітапты назарларыңызға ұсынамыз. Кітап оқу арқылы сана сәулетіміз артып, руханият көкжиегіміз кеңейсін. Асылында, оқып-білім алуға ешқашанда кеш емес. Өзіңді іліммен сусындату – өзіңді өзгеше өмір сүруге бағыттаумен тең.
- Абай жолы роман эпофеясы (Мұхтар Әуезов)
- Көшпенділер трилогиясы (Ілияс Есенберлин)
- Аманай мен Заманай (Сәкен Жүнісов)
- Ұшқан ұя (Бауыржан Момышұлы)
- Ананың анасы (Ғабит Мүсірепов)
- Махаббат қызық мол жылдар (Әзілхан Нұршайықов)
- Ләйлі-Мәжнүн (Шәкәрім Құдайбердиев)
- Ұлпан (Ғабит Мүсірепов)
- Мен қазақпын поэмасы (Жұбан Молдағалиев)
- Шұғаның белгісі(Биімбет Майлин)
Дайындаған Ханым ТӨРЕХАН.