№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БАУЫРЫНАН ТАБАҚ ЖҮГІРТУ ДЕГЕНДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

БАУЫРЫНАН ТАБАҚ ЖҮГІРТУ ДЕГЕНДІ БІЛЕСІЗ БЕ?


Туылғанына 5-6 ай болып, талпына бастаған сәбиді тез аяқтансын деген мақсатпен туыс-туған, көрші-қолаңды шақырып, баланың "бауырынан табақ жүгірту" ырымын өткізеді.
Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:
Балапандай талпын да,
Аршында, бөпем, аршында!
Желмаядай желгек бол,
Қас тұлпардай сергек бол! –
деген игі тілек білдіріп, табақты астан алдымен баланың өзіне дәм татқызып, қалған асты жиналған жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ баталарын береді. Міне, бұл "бауырынан табақ жүгірту" деп аталады.
"Бауырынан табақ жүгіртудің" де өзіндік мән-мағынасы, ойға алған мақсаты бар. Талпынып тұрған бала бауырын ыстық тамақтың лебі шалғанда, жүйке клеткалары тітіркеніп, бойын тік ұстап, тезірек аяқтануға ұмтылады. "Ас - адамның арқауы" деп, омырау сүтіне қоса нәрлі тағаммен азықтанған бала тез жүріп, буыны тез бекиді.
24 сәуір 2019 ж. 3 186 0