№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ОЙ ТҮБІНДЕ ЖАТҚАН СӨЗ...

ОЙ ТҮБІНДЕ ЖАТҚАН СӨЗ...

Сауатсыздық  надандық емес,құдайым ұятсыздықтан сақтасын.
                   ***
Өсімдік тамыры топырақтан тек өзіне керегін ғана алады,адам да қоршаған ортадан тек жағымды қасиеттерді ғана жұқтыратын болса ғой.
                      ***
Өсімдіктерде де өсу,даму бар.Адамда да өсу,даму бар.Екеуі екі түрлі.Өсімдік Алладан берілген дайын бағдарлама бойынша дамиды,одан шыға алмайды.Адамға белгілі бір мөлшерде даму еркіндігі берілген.Ол даму барысында Алланы танымауы да ықтимал.Адамның өлшемді еркі оның өзіндік құдыреті hәм соры.Даму деп мінез құлықтың кемелденуін,тәуірленуін,көркемдікке жетуін айтып отырмыз.Ақылдың болу, болмауы,немесе, аз, көп болуы адамға тікелей байланысты емес.Ақыл үйренілмейді,тәжірибемен жинақталмайды,бірақ, мінез түрлене алады.Мінезді бағындырып,тәрбиелей  аласың,егер зауқың болып,жігерің жетсе.... Адамның мәдениеті мінез құлығының жиынтығы.Мінезі көркем адам мәдениетті адам.Батыстық мінез мәдениеттің шыңы емес.Вилканы сол қолға ұстап,пышақты оң қолға ұстап тамақ жеу мәдени көрсеткіш емес, батыстық  дәстүр десе болар,сірә....
                                 ***
Намаз – Алланың сені құтқару үшін берген кереметінің бірі.Мүмкіндігің бар кезде пайдаланып үлгергенің жөн. Өйткені өмір  шектеулі.
                     ***
Шежіреде миға симайтын педагогикалық қуат бар.Оқуы кем, мектебі болмаған көшпенді шежіредегі тұлғаларды көзге елестете алатын дәрежеде «тірілтіп», ұрпақты тұрлаулы бағытта тәрбиелей алған.
                      ***
Зиялылық білімге тәуелді емес,зиялы сауатсыз болуы да мүмкін.
                     ***
Асып – тасқан байлықтың қуаныш- рахатын жемге тойған өгіздің рахатымен салыстыруға келеді ау деймін. Содан артық емес ау.
                       ***
Қазақтың зиялылары кешегі Ахмет, Әлихан, Міржақып,Жүсіпбек,Мұстафалармен аяқталған тәрізді.Қазір таза зиялы деген ұғымға сай тұлға табылмай тұр.
                     ***
Ойсыздық  -- жанды аздырады
Қимылсыздық – тәнді тоздырады.
                     ***
Тентек бақан жияды,телі қатын жияды.  Мақал.
                     ***
                    ***                                              
Алла тағаламен байланысты үзу (құдайсыздық) барлық жауапкершілікті адамның өзіне артады.Адамның шектеулі санасы мұндай орасан салмаққа төтеп бере алмайды.
                   ***
Біздің қазіргі күйіміз Гогольдің «Өлі жандар» романындағы жағдайға келіп тұр.Алдау – арбау, парақорлық,жемқорлық,ұйымдасқан ұрлық т.б. лас қасиеттер бел алып кетті.Билік онымен күресе алмай отыр.Ресми биліктен өзге,одан бірнеше есе күшті билік – ақшаның билігі дәуірлеп тұр.   
                     ***
Біз шетелдіктердің біздің саясатымыз жайлы пікірлеріне құлай  берілеміз.Олар көбіне өз есептеріне, өз мүдделеріне сай сөйлейді.Сондықтан жүргізіліп жатқан саясатқа өз халқымыз қалай қарайды, разы ма, жоқ наразы ма,осы жағына мән берген маңыздырақ емес пе?
                          ***
Көшпендінің өмірі табиғатпен үйлесімнің ең жетілген тәсілі.Өзге әдіс – тәсілдердің бәрі табиғатты қинайды, қиратады, бұзады, ал көшпенді табиғатқа еш жерінен қарсы келмей,одан бөлектенбей, табиғатпен іштесіп өмір сүрген.Оның құдыреттілігі сол, адами биік қасиеттерді таза, уыз күйінде пайдаланған, тұтынған,ғасырлар бойы айнытпай сақтаған.Көшпендінің мінезі кейін, өзге әлеммен етене араласып, аттан түскеннен соң барып өзгеріске ұрынды..Өйткені ол жас баланың көңіліндей пәк пейілімен кәртамыс, бәленің бәрін көріп үлгерген, арамдыққа суарылған қоғамға тыңнан, сырттан келіп қосылды.Балаң көңіл кәртамыстың зымиян әдістеріне төтеп бере алмады. Бұзылды.....
                    ***
Жеке адамның мәдениеті мінез құлқы.Ұлттың мәдениеті салт дәстүрі.Жеке адам мінез құлқына қарай бағаланады.Ұлттың қуаттылығы салт дәстүрін тұтыну деңгейімен өлшенеді.Салт дәстүрінен ажырап қалған ұлт қазіргі жаhандану құбылысына төтеп бере алмайды.Ұлттық мәдениет немесе ұлттық салт дәстүр аса қуатты қару.Бұл арқылы қырық жылдық қырғында да ұлтты,мемлекетті сақтап қалуға болады.Ұлттық салт дәстүр жоғалса,не әлсіресе,мемлекет те жоғалады,не әлсірейді.
14 қаңтар 2019 ж. 912 0