№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Қайырымдылық – ізгілік нұры»

«Қайырымдылық – ізгілік нұры»

    Байкенже ауылында 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мен 3- желтоқсан «Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне» орай қос шара жалғасын тапты. «Мәңгі жаса Елбасы» деп аталған патриоттық шараның негізгі мақсаты – қайырымдылық акциясымен сабақтастыру.

     Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу жане болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі. Бұл «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласынан алынған сүбелі сөздер. Иә, расында да төл тарихты тірілтіп, бүгінгіні бағдарлап, бағалаған елдің ғана еңсесі биік, егемендігі мәңгі болмақ. Себебі, тарих – бабалар салған сара жол. Ал, ертеңгі тарих бүгінгі жетістік пен жемістерді саралаудан тұрса керек.
Төл мерекемен құттықтаған ауыл әкімі Нұрғали Әлайдарұлы:
   – Кез-келген елдің демографиялық, демократиялық, әлеуметтік тұрғыда дамуы, өркениеттер көшіне ілесуі, татулық-бірлігі Президенттің атқарар қызметі мен саясатты игеруінде, көрегенділігі мен біліктілігінде жатыр. Ертеңгі тарихымызға таңба болып басылатын, соңғы 27 жылдықтағы елдің егемендік келбетіне үңілер болсақ, ұлт көшбасшысының тәуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы ерен ерліктері мен қажырлы еңбегін көреміз. Осыншама ерен істердің бәрінде Елбасының өз қолтаңбасы салған сара жолы бар, – деді.
Оған қоса, «Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар» күнін тілге тиек еткен ауыл әкімі елдің саулығы жоғары болып, ешкім де ешқашан да ауырмауына тілек білдірді.
   Қос мерекені қатар тойлаған шарада жас өрендер әуезді әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. «Атамекен», «Қазағым», «Қазақ жігіті» сынды әсерлі әндер жиналған жұрттың тұла бойын тебірентіп, елжандылық рухты оята түскендей.
Ал, шараға арнайы келген «Қызылқұм» ЖШС кеніш директорының орынбасары Асхат Ниетбаев атаулы күнмен ауыл жұртын құттықтап, елдегі индустрияландырудың дамуында Елбасының ерен еңбегін атап өтті. Әрі мүмкіндігінше қолдан келгенше ауылдың әл-ауқатын арттыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға материалдық тұрғыда көмек көрсетілетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, 28 мүмкіндігі шектеулі жанның әрқайсысына 15 мың теңге көлеміндегі қаржы мен сый-сыяпат табыстады. Соның ішінде, туа бітті сал ауруына шалдыққан балалар мен арнаулы көмекті қажет ететін 7 балаға қосымша ойыншықтар сыйлап, қуанышқа кенелтті. Осыншама қолдау мен қайырымдылыққа бөленген балалар мен ата-аналар өзара риза болысып, жүректегі алғаусыз алғысты ақтарды.
   Ауылдың әлеуметтік қызметкері Айсұлу Қалдыбаева осындай қайырымды жандарға арнайы алғыс ақтарды. Әсіресе, қайырымдылықтан қалыс қалмайтын «Қызылқұм» ЖШС бас директоры Әл-Фараби Кенжебеков пен демеушілік жасаған кәсіпкерлерге шын жүректен шексіз алғыс білдірді.
  Айта кететіні, Тұңғыш Президент күні барлық ауылдық округ пен мектептерде салтанатына сай өрбіді.

Ханзада ДОШАН.
07 желтоқсан 2018 ж. 1 565 0