№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Ойбай бауырым, не істедім, ойбай!»

«Ойбай бауырым, не істедім, ойбай!»

  «Ойбай бауырым, не істедім, ойбай!» - деп  ашумен  інісі Ноянды өлтіріп, ізінше өксікпен өкіре жылаған Батыр Баянның бейнесі барша қазақ көрерменнің көз алдында. Қандай да бір көркем фильм болмасын, соның ішінде бір әсерлі сәт, тосын әрекет өшпестей есте қалады. Сол сәт көпшілік үшін Батыр Баянның інісінің өлі денесін құшақтай жылағанында болып тұр. Қалмақ қызы Лағдамен сөзі жарасып, елден қашқан інісі Ноянның ажалы ағасынан келеді. Бұл көркем фильм Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың  «Батыр Баян» поэмасының желісімен түсірілген болатын.



   Баян болмысымен есте қалған актер Жұмахан Әбдіқадыровтың қазірде денсаулығы нашар. 1995 жылы жол апатына ұшыраған актер 2009 жылға дейін екі операция жасата жүріп, дертке мойымай, театрға барып жүрді. Алайда сыздатқан дерт дендеп, жүріп тұруы қиын болғасын, Тараз қаласындағы театрдағы жұмысын мүлде тоқтатты. Үшінші операция жасатуға қаржылық шамасы келмей шарасыз жүргенде  Н. Назарбаевтың Жамбыл облысына іс-сапары себепкер болды.

  - Дерт жаныма батып жүрген шақ еді. Енді үшінші отаны жасатайын десем, біраз қаражат керек болды. Содан 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы облысымызға арнайы іссапармен келген кезінде менің жағдайымды естіп, іздетіпті. Кездескен кезімізде де ол кісі мені «Қазақтың Батыр Баяны» деп мәртебемді көтерді. Содан кейін «Ештеңеден қорықпа, сенің артыңда халқың тұр» деп жігерлендірді. Кейін Елбасының қолдауымен Германия мемлекетінің Киль қаласына барып, үшінші отаны жасатып қайттық», - деді сөз арасында актер.

  - Бәрінен де өнерден денсаулығымның жоқтығынан алшақтап қалғаным өкінтеді. Қанша киноға түсіруге шақырды. Шамам келмейді. Елге дертімді де айта бергім келмейді. Сонымен өтіп жатқан өмір болды», - деп өкінішін де жасырмады. Елге сыйлы Жұмекеңе осыдан 4 жыл бұрын облыс әкімдігі «Батыр Баян – байрағым» атты шығармашылық кешін өткізіп берді. Деседе, денсаулық тілегіне жеткізбей, жаны қиналған жайы бар.


  Нұрлан ҚАЗИҰЛЫ
 
15 қараша 2018 ж. 1 033 0