№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » СӨЗДІҢ МӨРІ ӨШПЕСІН!

СӨЗДІҢ МӨРІ ӨШПЕСІН!


Заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов сөз қадірі туралы:

«Ақыл сөз – атқан оқтай жай кетпейді.
Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.
Маған сөздің де , сөйлемнің де еңсесі бар сияқты сезіледі.
Сөйлемнің еңсесі  ой салмағында, сөздің еңсесчі өзінде, өз сипатында.
Сөзге сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады» депті.
Одан әрі: «Сөз мағынасын дәл баспай тайғанақтап тұрса, ол өзін де сөйлемді де оңдырмайды.
Сөйлемнің де, сөздің де әуені, үні бар.
Сөйлемнің  де,сөздің  де көзге елестері, ойға қонар-қонбасы бар.
Тілдің бояуы бозаңдап,  қыры сынбауы керек. Қыранға айтар теңеуді, көрінген құсқа айта алмайтын болайық. Сөздің мөрі өшпесін, малталанбасын. Тілді оралымсыз, көмескі етіп алмайық.
Тіл білмеген, түбін білмейді.
Ысылмаған ауыздан кедір-бұдвр сөз шығады.
Әсіресе, бақытым деп, қуанышым деп қолдан жасап алған бірдемеге далаңдасаң, опық жейсің, өкініші қалмайды», деп қорытыпты.
Қазақ сөз маржаның ластамай тұрғанда айтылған керемет ойға алып-қосарыңыз жоқ болар! Бірақ, қазір сөзге тоқтайтын, сөз тыңдайтын құлақ қалды ма?..           
26 қыркүйек 2018 ж. 1 371 0