№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «100 жаңа оқулық» – жаһандық білімге жол ашады

«100 жаңа оқулық» – жаһандық білімге жол ашады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «... гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау»
талабын қойды. Бәсекеге қабілетті, Қазақстанның жаңа ұрпағы оқуы тиіс
бұл бағдарламаның мәні мен мазмұнына тоқталайық. Білімде шекара жоқ, жер бетіндегі барлық ұлт өз шеңберінде тұйықталып қалмай, ортақ планетамыздың қарыштап дамуы жолында интеллектуалды әлеуетін бір арнаға тоғыстырып, жалпыадамзаттық игілікке бағыттауды көздейді. 100 жаңа оқулық – өзге мемлекеттердің аса көрнекті өкілдері – ғалымдар мен оқытушылардың, өнертапқыштардың ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл жаңа оқулықтарды – білімнің нағыз энциклопедиясы деуге болады. Президент тапсырмасын тез арада қолға алып, іске кіріскен ұлттық аударма бюросы бүгінгі күнге дейін 18 оқулықты қазақ тіліне аударып, алдағы 2018-2019 оқу жылына бағдарламаға енгізіліп, білімгерлеріміздің игілігіне жол тартқалы отыр. Жыл аяғына дейін тағы 12 кітап әзірленіп, жалпы 30 оқулық айналымға енеді. Бұл оқулықтардың артықшылығы неде?
Жеке тұлғаның бай дүниетанымы рухани құндылықтан қуат алады. Ананың ақ сүтінің уызына қанып, толыққанды отбасында дәстүрлі тәрбие алып, туған тілдің өзегіне жарып, мейірім мен ізгіліктің бесігінде тербеліп өскен ұлан келешек өз елінің патриоты, жан-жақты саналы азамат болып қалыптасары хақ. Рухани жаңғыру бағдарламасының басты нысаны – ұлттық сана мен рухты заманауи жағдайларға сәйкес жетілдіру арқылы Қазақстанның әлемнің алдыңғы отыз елдің қатарына қосылуына негіз бола алатын жаңа ұрпағын тәрбиелеу.
Ұлтын сүйетін, ел басына не күн туса да қайыспай көтере білетін төзімділік қасиеттің түп тамыры – рухани сенімде жатыр. Рухани насихаты мен тәрбиесі озық елдің экономикасы да алға жылжиды.
Біздің еліміз әлемнің озық отыз елінің қатарына қосылатын болса онда біздің өмір сүру салтымыз да жаңаратын болады. Яғни, біз шетелдік оқулықтарды оқу арқылы жаңа өмірге алдын-ала әзірлікпен қадам басамыз.
Жаңаша оқыту  үдерісінің басты бір мәселесі – Болон үдерісіне енген елдердің студенттерінің алатын білімдерінің деңгейі мен мазмұнын теңестіру болып табылады. Яғни қазақстандық студенттер де шетелдердегі ЖОО-ларда өтілетін пәндерге сәйкес білім алуы керек. Онсыз біздің студенттер ғылымның ең соңғы жетістіктерін меңгере алмайды. Осы олқылықтың орнын толтыруда 100 жаңа оқулықтың көмегі үлкен.
100 жаңа оқулықты – рухани революцияның бастауы деп бағалауға болады. Оқулықтар кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық видеотекасы форматында қолжетімді. Ашық лекциялармен виртуалды университет арқылы қарулануға мүмкіндік болады. Бұл бағытта үштілділік қағидаты өзекті бола түседі. Бұл туралы Елбасымыз да үздіксіз ескертіп келеді.
Қазақ тіліне тікелей аударылған еңбектерді ағылшын тіліндегі түпнұсқасымен салыстыра оқу білімгерлердің шет тілін үйренуіне үлкен мүмкіндік береді.
100 жаңа оқулық мәселесінде кездесетін түйткіл – термин мәселесі. Көп жағдайда грек, латын, ағылшын тілдерінен алынған халықаралық заманауи ұғымдарды сол халықаралық атау – термин түрінде пайдаланудың тиімділігі ел ғалымдары болып ойланатын мәселе сияқты. Кейде орайы келсе де, қолайы келмейтін аудармалар ойға оғаш, тілге қораш болып тұратынын кез-келгеніміз аңғарып келеміз.
Біз алдағы уақытта өзіміздің рухани байлықтарымызды ғылыми тұрғыдан терең талдап, оларды ғылыми пән мазмұнымен байланыстыра білсек, солардың негізінде келешек ұрпақтарымыздың руханияттылығын өзге ұлттардың руханияттылығынан кем түспейтін деңгейге көтере алсақ, сонда ғана Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуының сенімді негізі қалыптасады.
Сананы өзгерту – сапалы білімге байланысты
Жаңаша білім беру бағдарламасын енгізу және жалпы білімді жоғары талаптарына сай ілгерілетуге байланысты қолға алынып отырған «100 жаңа оқулық» философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша білім береді. Бүгінге дейін жарық көрген 18 оқулықтың төртеуіне ғана қысқаша талдау жасасақ, олар мыналар: «Тіл біліміне кіріспе». Авторы: Америка тілшілері қоғамының президенті Виктория Франкин бастаған ғалымдар тобы. Бұл кітап келешек филолог мамандарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде мағлұмат береді.
Дүниежүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» деп аталатын еңбегі қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндайды. Жасанды интеллект, роботтандыру, 3D басып шығарудың, нанотехнология, биотехнология ғажайыптары жөнінде толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Бұл кітап революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.
Солтүстік Колорадо университеті Коммуникация мектебінің журналистика және медиа зерттеулер профессоры Ли Энн Пек жазған «Медиа Этика» оқулығы студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар сапасында жұмыс істейтін жас мамандардың қызмет барысында кездескен мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған.
Болашаққа білім берудің әдісі ғана емес, мәні мен мазмұны да маңызды. 100 жаңа оқулықты – рухани жаңғырудың жарқын мазмұны деп бағалауымыз керек.
Баян ҮСЕЙІНОВА.
14 шілде 2018 ж. 1 366 0