» » » ЖАҢАҚОРҒАНДА ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСЫП, ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСЫП, ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ



«AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы жанынан «Әйелдер қанаты» отырысы болып өтті. Іс-шараға Жаңақорған аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, аудандық әйелдер қанатының жетекшісі Маликова Ақмарал , Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Сыздықова Айым, осы топтың инспекторы, полиция сержанты Нүрділләқызы Гульфат қатысты. «Біз бірге тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күресеміз» тақырыбынды әңгімелесу жүргізді. Күн тәртібінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықты зерттеу: статистика мен жаңа трендтер»; Зорлық-зомбылыққа қатысты соңғы статистика мен зерттеу нәтижелерін талқылау, қоғамдағы өзгерістерді және оны жеңуге бағытталған стратегияларды қарастыру; «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары: алдын алу және емдеу әдістері» туралы; Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық салдарын түсініп, жәбірленушілер мен зорлық-зомбылықты жасаушыларға арналған алдын алу мен емдеу әдістерін талқыланды.
Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта өткізілген кездесуде зорлық-зомбылыққа қатысты соңғы статистикалық мәліметтер мен зерттеу нәтижелері талқыланып, қоғамдағы өзгерістер мен жаңа үрдістерге талдау жасалды. Сонымен қатар, аталған мәселені шешуге бағытталған тиімді стратегиялар қарастырылды.
Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық салдарына ерекше назар аударылды. Жәбірленушілердің психоэмоционалдық жағдайына тигізетін кері әсері, оның ұзақ мерзімді зардаптары жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен оны емдеу тәсілдері талқыланып, жәбірленушілерге көрсетілетін психологиялық көмек түрлері және зорлық-зомбылық жасаушылармен жүргізілетін түзету жұмыстары жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
27 наурыз 2026 ж. 60 0