Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Аймақ басшысының Сыр жұртын меркемен құттықтады

Аймақ басшысының Сыр жұртын меркемен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Бейбітшілік пен тыныштықты, өзара достықты дәріптейтін қасиетті Рамазан айы мен Ораза айттың ізгі қағидаттары адал еңбек етіп, адал табыс табу мақсатымен үндеседі.
Осынау рухани мерекенің адамгершілікке бастайтын құндылықтары мен жасампаз дәстүрлері ел бірлігін нығайтуға қызмет ете бермек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті мерекенің күллі мұсылман үшін орнын: «Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады» деп атап өткен болатын.
Ежелден адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік және рухани тазалыққа шақыратын Ораза айт мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын, ағайын!


30 наурыз 2025 ж. 343 0