№97 (8601) 6

06 желтоқсан 2022 ж.

№96 (8600) 3

05 желтоқсан 2022 ж.

№95 (8599) 29

29 қараша 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Құрметті отандастар!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.
Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз. Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз. Айт қабыл болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
02 мамыр 2022 ж. 250 0