№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Ана тілім – ғажап тіл

Ана тілім – ғажап тіл


"Руханият" орталығында қасиетті ана тілімізді дәріптеу мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана тілім – ғажап тіл» атты аудандық жазба ақындар мүшайрасы өтті. Мақсаты – Қара өлең арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талапты, талантты дарындарға қолдау көрсету.


Байқауға кент, ауылдық округтерден келген 18-30 жас аралығындағы ақындар қатысты. Жазба ақындар мүшайрасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Жаңақорған кенті, №289 орта мектебінің мұғалімі Дүйсенбай Қайсар, І орынды Жаңақорған кенті №110 мектеп мұғалімі Азамат Қайратұлы, ІІ орынды Жаңақорған кенті №3 мектеп-интернатының мұғалімі Бексаба Ұланбек, ІІІ орынды М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері Ибадулла Шәкәрім мен Найманбай Айжарқын, Қожакент ауылынан Тынысбек Нұрберген иеленді.
Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Байқау барысында ауданымызға танымал әнші Кенже Әкімбаева әннен шашу шашты.

Мақпал МАРҚАБАЙ
01 наурыз 2025 ж. 496 0