Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кемелдену тетігі – ізгілікте

Кемелдену тетігі – ізгілікте

Сананы тұрмыс билеген заманда (ихсан ілімін) насихаттау аса маңызды іс. Расында, күнделікті күйбең тіршілік, отбасындағы мәселелер адам баласының рухани жан дүниесіне әсер етпей қоймайды. Пенде қуаныш пен қайғыда көптеген эмоцианалдық сәттерді бастан кешеді. Осы сәттерде оның иманы, Аллаға деген тәубесі мен тәуекелі байсалды әрі парасатты ұстанымда болуға тікелей әсер етеді. Осы ретте ихсан ілімі рухани кемелдену жолы екенін баса айта кеткен абзал. Ихсан іліміне ден қайған пенде рухани кемелденуге қадам басатыны хақ.
Иман – екі дүние бақытына жетелейтін нығмет. Ел аузында айтылып жүрген: «Иманым – жиғаным» деген сөз бар. Иманын күшейтуге тырысқан адам игілікке кенеле бастайды. Алланың қалауымен оның жүрегінде ерекше тыныштық орнайды. Жүрегі қызғаныш, мақтаншақтық, тәкаппарлық т.б. дерттен аман қалады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Иманның абзалы – Алла Тағала үшін жақсы көруің немесе шариғатқа қайшы нәрсені жек көруің. Тіліңмен Алла Тағаланы зікір етуің (еске алуың). Басқалар үшін өзіңе тілегенді тілеуің және өзіңе тілемеген нәрсені өзегеге де тілемеуің. Тек жақсы сөз айтуың, болмаса үндемеуің» деген.
Хадистің мағынасына үңілсек, біріншіден, адамдарға байлығы немесе атағы үшін ғана құрмет көрсетіп, оны қарапайым кісіден артық көру дұрыс емес екенін аңғарамыз. Расында, Алланың алдында кімнің мәртебесі қандай дәрежеде екенін біз білмейміз. Екіншіден, шариғатқа қайшы нәрсені жек көру – иманның абзалы. «Осы ісім Аллаға ұнамды ма? Мынау қадамым қаншалықты шариғатқа сәйкес келеді?» деген сауалдар иманын күшейткісі келетін адамды әрдайым ойландыруы керек.
Үшіншіден, тілмен Алланы зікір ету (еске алу) – жүрекке тақуалық ұялатып, тілді ғайбат сөзден сақтайды. Бұл – өте маңызды құлшылықтың бірі.Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағала былай деп айтады: «Мені еске алып, Менің атымды айтып, ерні қимылдаса, Мен пендеммен біргемін».
Алланы еске алудан басқа құлшылықтың бәрі дұрыс болу үшін белгілі шарт орындалуы керек. Ал Алланы еске алу уақытқа немесе жағдайға тәуелді емес. Төртіншіден, басқалар үшін өзіңе тілегенді тілеуің және өзіңе тілемеген нәрсені өзегеге де тілемеуің. Бұл – нағыз мұсылмандық сипат. Әрине, барлық адам жақсы өмір сүруді қалайды. Өзімізге қалаған нәрсені өзгелер үшін қалау – иманның абзалы. Қызғаныш – жүрек дерті.
Осы ретте біз айналамыздағы дос-жаран, ағайын-туыс, бауырларымыз жақсылыққа бөленіп жатқанда ол үшін шынайы қуана білуіміз керек. Біреудің сәтсіз әрекетіне қуану – бұл да жүрек дертінің бірі. Өкінішке қарай, дүниелік мақсаттар алдыңғы орынға шыққан кезде қызғаныш деген дерт үлкен қылмыстық істерге итермелейді. Мұсылман адам өз бауырын балағаттамайды, ол туралы жақсы сөз айтады немесе үндемейді. Алла Тағала баршамызды ихсан деңгейіне жетуді, жүрегімізге тақуалықты ұялатуды жазғай.
Әбдіхалық қажы НАМЕТОВ,
Жаңақорған ауданының бас имамы
24 қараша 2024 ж. 326 0