№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Әлем таныған Әбе» шарасының ашылуы өтті

«Әлем таныған Әбе» шарасының ашылуы өтті



Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай, «Ғасырлар толқынының дарабоздары» шарасының аясында Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйінде «Әлем таныған Әбе» салтанатының ашылуы өтті.Қасиетті Сыр өңірінде дүниеге келіп,бүкіл ғұмырын ұлтымыздың рухани кемелденуіне және қазақстандықтардың шығармашылық мүмкіндігін әлемдік әдеби аренада танытуға арнаған қайраткер Ә.Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы туралы жүргізушілер жан-жақты мәлімет беріп, облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов сөз сөйлеп:
– Қадірлі ағайын, құрметті қонақтар!
Ардақты аралдықтар!
Саналы ғұмырының соңына дейін ақ қағазбен дос болып, арымен серттескен, туған жерінің талайлы тағдырына алаңдап, тұтас дәуірдің жүгін арқалай білген алып тұлға,артына көл-көсір мұра қалдырған Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке биыл 100 жыл. Нақтысы 22 қазанда қазақ Әбе деп құрметтеп, төбесіне көтерген тау тұлға 100 жасқа толды.
Бүгін өздеріңізбен бірге қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар халық жазушысы, аса көрнекті қаламгер,Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлт намысын ұран тұтқан ерен тұлғаның100 жылдығынаарналған«Әлем таныған Әбе»атты шараның салтанатты ашылу рәсімінде жүздесіп отырғаныма қуаныштымын!
Абыз жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы қасиетті Сыр өңірінде дүниеге келіп, бүкіл ғұмырын ұлтымыздың рухани кемелденуіне және қазақстандықтардың шығармашылық мүмкіндігін әлемдік әдеби аренада танытуғаарнаған қайраткер.
Ұлт перзентіне лайықты құрмет көрсету – елдіктің, қоғамдық кемелдіктің белгісі.
Өздеріңіз білетіндей бұл мерейтой аясындағы шаралар 20 қазанда басталды. Атап айтқанда, барлық орта мектептер мен арнаулы оқу орындарында апталықтар, кітапханалар мен музейлерде көрмелер, шығармашылық кештер, бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық айдарлар ашылып, насихаттық жұмыстар кеңінен жүргізілді.
20 қазанкүні аңыз тұлғаның ақырет алдындағы өзі қалаған орынға, яғни көк теңіздің биік нүктесі саналатын Беларан төбенің басында арнайы ас беріліп, рухына Құран бағышталды. Бүгінде бұл төбенің басында символикалық мәні бар қауырсын қалам бейнесіндегі арнайы мемориалдық белгі орнатылған. Елге ортақ аңыз тұлғаларға тән бұл жер де Әбенің екінші жайы ретінде тарихта қалары сөзсіз.
Бұдан бөлек жақында ғана Алматы қаласында қаламгердің есімін ұлықтау мақсатында Қазақ ПЕН клубыныңұйымдастыруыменжәне ҚР Жазушылар одағының бастамасыменӘ.Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияда шетелдік және отандық ғалымдардың баяндамалары оқылып, жазушының қаламгерлік қыры кеңінен ашылды. Ұлт қайраткерінің есімін ұлықтауға арналған іс-шараға Сыр өңірінен және туған жері осы Арал ауданынан бір топ делегация барып, қатыстық.
Сонымен қатар облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан «Біздің Әбе» естелік кітабының тұсаукесері өткізіліп, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің тұрған үйіне ілінген ескерткіш тақтаның ашылуырәсімі болды. Мұнан соң «Кеңсай 2» қорымындағы жазушының мазаратына арнайы барған делегация марқұмның рухына Құран бағыштады.
Енді міне, сол мазмұнды шаралардың жалғасы әрі негізгісі болып саналатын шаралардың шымылдық түрер сәтінде тұрмыз. Осы басқосудан кейін Әбенің 100 жылдығына орай қазақ күресінен республикалық турнирөтеді. Алыптар бәсекесінің өзі Әбе шығармашылығындағы тартысты тағдырдың сөз бейнесіндей болары анық.
Бұған дейін «Теңіз текті тұлға» атты республикалық жазушы-қаламгерлер арасындағы шығармашылық байқауұйымдастырылған болатын.Бүгін сол байқаудың жүлдегерлерімен кездесу өтеді.
Ә.Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Қалам ұшындағы ғалам» атты халықаралықсуретшілер симпозиумы да өз мәресіне жетіп, қылқалам шеберлерінің тың дүниелері Әбе болмысын айшықтай түсті деп есептейміз.
Қадірменді қонақтар, ардақты ағайын!
Біз бұл шарамен шектеліп қалмаймыз. Себебі Алашқа ортақ аңыз тұлғаның айтулы мейрейтойын белгілі бір уақыт мөлшерімен шектеп тастауға келмейді. Айтып өткеніміздей бұл бағыттағы шаралар желтоқсан айында да жалғасын табады. Айталық ғылыми-танымдық конференция,парасатты поэзиямен қатар түрлі қойылымдар мерейтой қарсаңындағы маңызды шаралардың бірі болмақ. Ең бастысы жылдың қорытындысы ретінде аудандағы құрылысы аяқталатын түрлі әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру көзделуде. Бұл бағыттағы шаралардың барлығы өздеріңіздің көз алдарыңызда өтетін болады.
Шын мәнінде сөз өнерінің әкесі болған Әбеңнің рухына жасалып жатқан құрмет – ұрпақтың рухани қазынасын молайта түсудің бір жолы.  Қорыта келсек, «Қазақ әдебиетінің қара нары» Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жас мерейтойы, жалғыз Сіз бен біздің емес, бүкіл қазақ халқының, қала берді қазақ әдебиетінің тойы.
Ұлысқа игілік болатын игі ізін қалдырып, ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгердің өмірі кейінгі ұрпақ үшін әрқашан қастерлі, өлмес өнеге.
Өнегелі ғұмыр кешіп, соңында мол мұра қалдырған Әбдіжәміл Кәрімұлының жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды.
Мерейтой құтты болсын ағайын! - деді.
Шын мәнінде сөз өнерінің әкесі болған Әбеңнің рухына жасалып жатқан құрмет – ұрпақтың рухани қазынасын молайта түсудің бір жолы. Қорыта келсек, «Қазақ әдебиетінің қара нары» Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жасмерейтойы, жалғыз Сіз бен біздің емес,бүкіл қазақ халқының, қала берді қазақ әдебиетінің тойы.
Салтанатты шара аясында «Теңіз өмір арнасы» атты аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қойылымы болды.
Ұлысқа игілік болатын игі ізін қалдырып, ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында кеңінен танысу мақсатында қонақтар Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйіне экскурсия жасады.
Мұнда Әбе болмысын аша түсетін рухани құнды қазыналар жинақталған. Түрлі тарихи суреттер мен қолжазбалар, Әбенің өзі тұтынған заттары мен сан алуан экспонаттар жиынтығы және классик жазушының өз қолымен қайта өңдеген кітабы қонақтарға ең құнды жәдігер ретінде таныстырылды.
08 қараша 2024 ж. 319 0