№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » 1-сәуірде қандай танымал тұлғалар дүниеге келді?

1-сәуірде қандай танымал тұлғалар дүниеге келді?



1 сәуірде Қазақстанда қандай танымал тұлға дүниеге келді?

1920 жылы Кеңес одағының батыры Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы дүниеге келді. Ол Александр Матросовтың ерлігін қайталаған. Қайтыс болғаннан кейін Кеңес одағының батыры атағы берілді;

1925 жылы дирижер, сазгер, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғиса Тілендиев дүниеге келді. Алматы облысы Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын, Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 400-ге тарта ән мен романс авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем, 17 мультипликациялық және 14 деректі фильмге музыка жазды;

1939 жылы жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салғараұлы Қойшығара дүниеге келді;

1939 жылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы Сәрсекеев Қоғабай дүниеге келді.
01 сәуір 2025 ж. 1 024 0