№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»

«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»


Символындай сезім менен сұлулық,
Нұр жүзінен төгілген бар жылылық.
Сәкен аға – ақиығы Алаштың,
Бір бойына дарығандай ұлылық.
Сұлу жаны өріп талай дүние,
Ақын жаны әділдікті қалаған,
«Жаңашылдық» тура жол деп санаған.
«Қырғыз» емес, біз – «қазақ» деп өз ұлтын
Намыс буып мойындатқан дара адам.
Жалынды аға, өршіл аға, қағылез,
Сізден алар үлгіміз тек ер мінез! -деп жырлағандай, қазақтың кербез де сұлу ақыны Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай,
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен №163 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Несіпкүл Шерованың бірлесіп ұйымдастыруымен «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Шараға N163 мектептің 8 "д" сынып оқушылары қатысты.
20 қазан 2024 ж. 819 0