» » » «Тұранның алтын жауһарлары»

«Тұранның алтын жауһарлары»


Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі 85 жылдық мерейтойы аясында Сыр тарихынан тін тартқан музей б.з.д. VII-V ғғ. тән «Түгіскен көсемі» мен б.з. ІІ-ІV ғғ. мерзімделетін «Жетіасар ақсүйек әйелі» реконструкцияларын халық назарына ұсынып, «Тұранның алтын жауһарлары» арнайы брифинг ұйымдастырды.

Брифинг тізгінін модератор ретінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Көзейбаев Сапар Әлиасқарұлы алып, Сыр еліндегі тарихи-мәдени эволюцияның дефинациясын музейлік реконструкциялар арқылы көрсету тәжірибесімен бөлісті.
«Түгіскен көсемі» мен «Жетіасар ақсүйек әйелін» қайта жаңғыртқан Кутдусов Ринат Аликович пен Тәжекеев Әзілхан Әуесханұлы жұмыс процесімен таныстырып, жұмыс барысында қолданылған ғылыми деректер мен әдіс-тәсілдер турасында сөз қозғады. Брифингке Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдері, археолог-ғалымдары, тарихшылары, Қорқыт ата атындағы ҚУ оқытушылары қатысып, қос реконструкцияға қатысты тарихи дәйектермен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
«Түгіскен көсемі» мен «Жетіасар ақсүйек әйелін» тамашалауға шақырамыз!
03 қазан 2024 ж. 183 0