Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » ЖЕЛІДЕН ЕСКЕН ЖЫЛЫ ЛЕП

ЖЕЛІДЕН ЕСКЕН ЖЫЛЫ ЛЕП


Жарқыратар бәрінде жан ғажаптың,
Бүгін бөлек тамаша таңғажап күн.
Тамыры ғой қара өлең қанатты елдің,
Үні ғой ақын деген әр қазақтың.
Ақынына артатын бөлек сенім,
Қолпаштауың, құрметің керек сенің.
Інжу-Маржан шашылар ән мен жырдан
Бүгінгі күн шынында ерекше күн.
Кеудесін өлеңнің оты кернеп, жырмен жұбануға жиналған көпшілік Машбек ауылының клуб үйіне жиналды. Сұлу Сырды арда өнермен тербеткен, жыр бесікте сезім сырын селдеткен Халықарылық Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет иесі» медалінің иегері, жерлесіміз, ақын Тұрсынкүл Құрманбекованың туған жерінде алғаш рет шығармашылық кеш беруінің сыры мол екен.
Ақын апамыз Ақжол ауылында 1951 жылы 5 маусымда дүниеге келген. 1967 жылы Жаңарық орта мектепті бітіріп, сол жылы Жаңақорғандағы газет баспаханада жұмыс істеген. 1968 жылы Жаңақорған ауданына қарасты Юбилей совхозына тұрмысқа шығып, әр салада қызыметтер атқарып, 1996 жылы еңбек демалысына шыққан. Жолдасы Жақсынбек көкем екеуі бес бала, сегіз немере, бір шөбере тәрбиелеген өнегелі шаңырақ иелері. 1996 жылдан бастап бүгінге дейін Алматы қаласында тұрады.
Ауыл сахнасында әуелеген ән мен оқылған өлең де Тұрсынкүл ақынның жүрегін жарып шыққан жыр әлемінің көрінісі екені даусыз.
«Өлеңім өмірімнің өрнегі» атты шығармашылық кешін ауыл әкімі Сердалиев Бағдаулет, ақсақалдар төрағасы Булеков Бакберген, ардагер ұстаз Сұлтанов Серікбай ағайға берілді.
Шығармашылық кештің иесіне аудан әкімі Мәжит Самитұлының «Құттықтау хаты» мен сый-сыяпат табысталды.
Рухани шарада Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, арнайы Тараз қаласынан келген құрметті қонағымыз Нақсұлу Шегебайқызы, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Жібек Искакова арнау өлеңдерін оқып, ақындық жолынан айнымаған анамыздың еңбегін дәріптеді. Кентау қаласынан келген қонағымыз Сазгер Жупаркүл Бекшораева ақын сөзіне жазылған бірнеше әндерді орындап, кейіпкердің сан сырын аша білді.
Ағайындары атынан Әлімхан Құрманбеков, Ерғали Оразбеков, сондай-ақ, ауылдың ақ жаулықты аналары, ақынның әулет үлкендері, Жаманбай ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы Рысжан Төлепбергеноваға арнайы сөз берілді.

Ауылдың бір топ оқуышлары ақын апаларының өлеңін жатқа оқыды. Солардың қатарында Ергешбай Қарахат, Түгелбай Шұғыла, Әлмахан Әбдірахман, Дүйсенбек Мұхамежан көптің ықыласына бөленді.

Жергілікті өнерпаз Көкен Өскенбай ақынның өлеңіне жазылған әні «Сөзімді арқау етіп жаздым өлең» өлеңін термеге қосты.
Бүгінгі кеште оқылған өлеңдердің көбі Тұрсынкүл Құрманбекованың жаңадан жарық көрген «Желіден ескен жылы леп» атты кітаптың парақтарында тоғыстырылған. Осы кеште туындының тұсаукесер құрметі Халықарылық Жазушылар Одағының, Түрік Әлемі Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қызылорда облысының «Құрметті ардагері», Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» ақын-журналист Сахиев Файзулла Пазылбекұлы және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Нақсұлу Шегебайқызына ұсынылды.

Сахна төріне Тұрсынкүл Құрманбекованың сөзіне жазылған Сазгер Жупаркүл Бекшораеваның орындауында «Сулуымды сағындым», «Айымсың сен айымсың» атты әні орындалды.

Жазғаны жанға шуақ, санаға сәуле құяр көркемдік әлем – ізденімпаз Тұрсынкүл Құрманбекованың болмысы дерсіз. Шартарапқа шұғыласын төккен шығармашылық шынайылық көрсеңіз, ол да – Тұрсынкүл ақынның ақиқаты.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз _автордың сөзіне жазылған «Өлеңім серігімсің» орындайтын жыршы- термеші Мұхтар Дәрібаев орындағанда халықтың құрмет-қошеметі артты. Осы кеште ауылдың жас ақыны Бекарыс Бексаба ақынның есімінің әр әріпіне бір шумақтан құрап, ақын апасына құрметін өлеңмен өрді.
Біз өз ақындарымызды әрдайым құрметтеп келдік және құрметтейміз. Өлеңнің қадір-қасиетін түсінетін жандар барда Тұрсынкүл апа секілді отты жүрек ақынның ұмытылуы әсте мүмкін емес. Дегенмен, отты жырдың қызуын ұрпағы жанына жақын тұтса ғана өміршең болады. Сонда ғана келер ұрпақ ақынның қуатты жырынан нәр алып, рухты болып өсері кәміл.
Бүгінгі Халықарылық Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет иесі» медалінің иегері, жерлестеріңіз, ақын Тұрсынкүл Құрманбекованың «Өлеңім өмірімнің өрнегі» атты шығармашылық кеші көпшіліктің көңілін тербеп, өз мәресіне жетті.
18 қыркүйек 2024 ж. 908 0