№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Сәуір болмай, тәуір болмас

Сәуір болмай, тәуір болмас


Сәуір айы туып, табиғаттың да ажары толып, сәні кірді. Ежелден қара жерден несібе айырған шаруа ағайын сәуір айының салтанатына қауышқан соң барып, аңызаққа арық салған. «Сәуір болмай тәуір болмас» деген тәмсіл осыдан шықса керек. Ендеше,сәуір айының өз кезегінде нендей маңыздылыққа ие екенін тарқатып көрейік.


«Сәуір» сөзі араб тілінен енгенін бірі білсе, бірі білмес. «Өгіз» мағынасын беретін ай атының екінші мағынасы амалмен байланысты көрінеді. Амал – белгілі бір уақытта болатын, жыл сайын қайтаналатын табиғи құбылыс. Түсініктірек болсын деп айта кетуді жөн көрдік, егін басының бітік шығуы күн сәулесімен қоса мол суды да қажет етеді. Күн құрғап, жауын-шашын кешіккен сәтте ауыл түгел жиналып, көктен жаңбыр сұрап, «тасаттық» амалын жасау біздің өңірде әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Аталмыш амал мерекесінде ел болып ас-ауқат дайындап, ауыл халқын тойдырып, ақ сақалды қариялар құдайға үміт етіп, тілек тілейді.
Ертеде қазақ халқы сәуір айын «көкек» деп атаған. Көкек - құс атауы. Құс сәуір айының алғашқы күндері пайда боп, «көк-кук» деп өз атын өзі шақыратыны мәлім. Осыған орай, құс атауын өзгертіп көктем айының атауын сәуір деп кеткен әңгімелер де бар. Ал, көкекті киелі құс деп дәріптеген әжелеріміз көкек қонған бұтаны алып, майы мол болады деген сеніммен сүтке салып қоятын дегенді де естідік. Бұл қазақ халқының ырымшылдығының бірден-бір көрінісі десек те болады. Аталғандардан бөлек, ертеректе сәуір айы - тазысы мен бүркітін серік еткен аңшылар үшін "құралай айы" - деп аталған екен.
Қазіргідей жағдай жоқ, көшпелі тұрмыс кешкен халық қыстан аман шығу үшін жерден кепе қазып, ортасына от жағып, жылу ұстауды мақсат еткен. Үй ортасында жанған оттың түтінін шығару үшін кепенің түндігінен тесік қалдыратын. Есік алдындағы арық-тұрағы қыстан әзер шығып, көкке ілінсе олжа. Ел-жұрттың сәуірді тағатсыздана күтіп, көкектің үні табиғат ананың түлеуін сүйіншілеп, ерекше сүйкімді естілуі де содан. Сәуір айы біз мекендей­тін Қаратаудың қойнауында айрық­ша туады. Тау етегін – қызғалдақ көмкереді.
Сәуірдегі сары жауынның пайдасы да жоқ емес. Сәуір жаңбырына шомылған немесе оны ішкен адам ауру-сырқаудан алыс болатыны белгіілі. Тіпті дінімізде де сәуір жаңбырының дертке дауа, жанға шипа екені айтылып, ең мөлдір, ең таза суға баланады. Ол аз десеңіз, Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде: «Мені хақ Пайғамбар қылып жіберген Алла Тағалаға ант етейін, баласы болмаған ер әйеліне сәуір жаңбырынан су ішкізсе, Алланың рұқсатымен әйелі жүкті болады…», – деген сөздер де бар екен. Осыдан-ақ сәуір айының ерте кезден-ақ үмітке толы, көп күттірген, ерекше көктем айы екенін білеміз.

Жәмила ЕРМАХАН

02 сәуір 2024 ж. 458 0