АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУДЕ жұмсаудың 5 қағида
1. ЕСЕП КІТАБЫН ЖҮРГІЗУ
Қаржыны тиімді жұмсаудың басы – есеп кітабын жүргізуден басталады. Сонда барлық шығын рәсімдері көзден таса болмайды. Осы есепке қарап келесі айдағы шығындарды жоспарлауға, артық және қажетсіз заттарды сараптауға жол ашылады. Кітаптан ешнәрсе тыс қалмауы тиіс: сағыз, темекі, шоколад, балмұздақ т.б сіз ойламаған шығынды әкелуі мүмкін.
2. ТҮСКІ АСТЫ ҮНЕМДЕУ
Әдетте түскі үзілісте адамдардың көпшілігі асханаға, кафеге тамақтануға шығады да, өзі жоспарламаған қаражатты жұмсап қояды. Алайда, түскі асты үйден әкелетін болсаңыз айына бірнеше мың теңгені үнемдеуге болады. Бұл отбасылық бюджеттің шығынын азайтады.
3. СУ МЕН ҚУАТ КӨЗІН ҮНЕМДЕҢІЗ
Коммуналдық қызметке ай сайын мыңдаған теңге шығындалатыны белгілі. Бұл өмір сүрудің негізгі нышанына да айналды. Бірақ, су мен қуат көзін үнемді жұмсаумен шығынды азайтуға болады.
4. ӨЗ-ӨЗІҢІЗГЕ ШЕКТЕУ ҚОЯ БІЛІҢІЗ
Есептеп, жоспарлар шықпасаңызда дүкенге кіргенде қажетті-қажетті заттарды қалай алғаныңызды білмей қалатын кездер болады. Сондықтан, түрлі әлеуметтік заттар мен азық-түлік, киім-кешек самсап тұрған дүкенде өз-өзіңізді тиып, шектеу қоюға үйреніңіз.
5. ТЕК ҚАЖЕТТІСІНЕ ӘРІ САПАЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІҢІЗ
Шынында керекті зат не қызмет көрсетудің түріне ақша аямаңыз. Оның ең арзаның емес, сапасы жақсысын таңдаңыз. Болашақта оны ауыстыруға тура келмей, ақшаңыз қалтаңызда қалады.
Пікір 2