Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жастар елдің тірегі, үкілі үміті

Жастар елдің тірегі, үкілі үміті

Бүгінде елімізде жастар саясатын оңтайландыру үшін аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Себебі, жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Президент Жолдауларынан туындайтын міндеттемелердің негізі жастардың болашағына бағытталған. Яғни, жастарға сенім мен жауапкершілік жүгі артылып отыр. Осы орайда, Жаңақорған ауданындағы жастардың белсенділігі қандай, биылғы меже мен жобалардың жүзеге асуы қалай? Осы және өзге де сауалдарды таразылап көруді жөн көрдік. Ол үшін аудандық «Жастар ресурстық орталығының» тізгінін ұстаған Наурызбай Орынбасаровпен байланысып, сұхбат алаңына шақырдық.
Наурызбай Ерікұлының жастар саясатындағы еңбегі зор. Ол Еуропада тағылымдамадан өтіп, еңбекжолын өзі білім алған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Жанжақты тәжірибе жинап, білімін жетілдірген жас туғанжердің игілігі жолында жалынды жастық шағын арнап,аудан жастарының саяси өміріне етене араласып,рухани-мәдени ауқымды іс-шаралар ұйымдастырыпкеледі.
– Наурызбай, бүгінгі қоғамның да, жастардыңда талабы биік. Сондықтан жастармен жұмысжасау оңай шаруа емес. Қандай бастамаларыңызбар?
– Ауданымызда жастар саясатын іске асырубағытында, әртүрлі бағыттар бойынша біршамажұмыстар атқарылуда. Заңға сәйкес 14-35 жасаралығындағы жастарға қызмет көрсетеді. Біздіңауданымызда жастардың жетістіктері өте көп. Атапайтсақ, спорт саласында оқ бойы озық шықсақ, білімсаласында бәйгенің басынан көрініп жүрміз. Оданкейін Мемлекет басшысының жолдауларын жастардың жүрек түкпіріне жеткізе алатындай деңгейденасихаттауға арналған кездесулер мен іс-шара, еркінформаттағы пікір алмасуларды ұдайы өткізіп тұрамыз.Жалпы белсенді жас – ел тірегі. Аудан жастарынаосыны түсіндіріп, олардың азаматтық белсенділігінарттыру жолында еңбек етіп келеміз.
– Аз-кем өзіңіз басқаратын орталықтыңмақсаты мен міндетіне тоқталып өтсеңіз.
– Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты жастармен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшінқызметтер көрсету болып табылады. Міндеті жастардың бастамаларын қолдау, жастар арасындағыахуалға мониторинг жасап, талдап-таразылап, жүзегеасыру. Халқымыз «жігітке жеті өнер де аз» депбекер айтпаған. Маған үнемі күш беріп, шабытымдышарықтатып отыратын да осы сөз. Өзімді әрқырымнан дамытып, кез келген ортада сынап көргімкеледі. Жастық шақ күш-қуат пен уақыттан бөлек,үлкен мүмкіндіктер кезеңі. Осы кезде уақытты тиімдібасқара отырып, қарым-қабілетімізді дәлелдей алсақ,өз жолымызды адаспай табуымызға даңғыл жолашамыз деп ойлаймын. Елiмiздiң ертеңі жастардыңеңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратынабайланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болыпкеле жатқан құндылықтарды, тарихи дәстүрiмiздiжаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасы мен ғылымын дамытуға және ел үшiнеңбектенуге мiндеттi.
– Көшбасшы болу қиын емес пе?
– Көшбасшы болу көпшілік алдында жүргеніңізбенөлшенбейді. Өзіңнің тұлғалық қабілеттеріңді шыңдау,ұйымдастыру және үйрене жүріп, үйрету арқылыкөрінеді. Әрбір жас қоршаған орта үшін өзіндік ойы,айқын мақсаты және пайдалы әрекетімен қымбатдеп есептеймін. Қоғам кез келген жасты қаншалықтыжетілдірсе, жастар қоғамды соншалықты дәрежедедамытады. Сондай-ақ шығармашылық адамды қашандашыңға жетелері анық. Өзіме келер болсам, осы уақытқадейін республика облыс, аудан, көлемінде біршамаауқымды шаралардың өту, ұйымдастыру барысына,сөз тізгініне жауапты болып, түрлі байқаулар мензамандастарымның арасында тәжірибе жинап, шыңдалып келемін.
– Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі жастарарасындағы жұмыссыздықтың белең алуы. Осымақсатта қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Ауданда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр. Осы мақсатта«Мансап» орталығымен бірлесіп, жәрмеңкелер,мобильді жәрмеңкелер мен бос орындар жәрмеңкесінұдайы ұйымдастырып келеміз. 2023 жылы «Тұлғабол» жобасын қолға алдық. Кент орталығы мен төртауылдық округке арнайы барып, жастардың ұсыныспікірлерін тыңдап, әртүрлі сала мамандарынан кеңесалуға мүмкіндік жасалды. Ауданымызда 869 NEETсанатындағы яғни бос жүрген жастар арасындажекелей жұмыс жасап, үй-үйді аралап, бетпе-бетсұқбат жүргізілді. Олардың арасында басқа қалаларға,өзге елдерге көшіп кеткен азаматтар болды. Қалғаназаматтармен жұмыспен қамту бөлімі арқылы түрлібағдарламалар арқылы жүйелі жұмыс жүргізілді.
– Жастар арасында қылмыс деңгейі қандай? Қандай жұмыстар атқарылуда?
– Жастар арасында қылмысты болдырмау шаралары қалыпқа түсіп келеді. Бізде арғы бет, бергібет болып төбелесетін жүйе бұрыннан бар еді. Осыбір келеңсіздікпен жұмыс жасаудамыз. Жастардыңарасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағыберілген тәрбиеге, ата-ананың балаға көніл бөлуінеде байланысты. Тағы бір айта кететін нәрсе, бүгінгіөте өзекті мәселе ол – интернет. Баланы жұбатуүшін кішкентай кезінен ұялы телефонға әуес етіп,ойын ойнатып қояды көпшілігі. Шын мәнінде, атаана мен бала арасында жүрекжарды қарым-қатынасазайды. Баланы жақсы көру деген материалдықтұрғыда қамтамасыз ету емес. Біз баланы өзімшілдікке,агрессияға тәрбиелеп жүрміз. Баланың әрекетін ақтау,жақтау опа әкелмейді. Қазір қыз балалар арасында дақылмыс көп. Мұның өзі үлкен мәселе.
– 2024 жылға қандай жоспарларыңыз бар?
– Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында барынша оларды жұмысқа тартуды қолғаалып жатырмыз. Ең қажетті деген СММ, мобилография мамандықтарына баулуды мақсат етіп отырмыз.Сонымен қатар қыз келіншектер арасында «Балықберме қармақ бер» жобасы аясында қыз-келіншектердітүрлі тәттілер мен тоқыма, тігін, шаш қию, шашүлгілерін жасау сияқты мамандықтарға баулысақдеген ниет бар. Әсіресе, мектеп оқушыларына көбіреккөңіл болуды ойлап отырмыз. Елдің ертеңгі ұландарыозық ойлы, бәсекеге қабілетті болу үшін өз үлесіміздіқосқымыз келеді. Осы мақсатта интеллектуалдысайыстар, жас өнертапқыштар сайысы мен дебатойындарын жандандырып, жасөспірімдерді жан-жақтыбаулысақ деген ниетіміз бар. Одан бөлек, қазір бәріәлеуметтік желіде белсенді ғой. Оның ішінде тик-токжелісі жастар арасында өте белсенділікке ие. Осы тик-ток арқылы түрлі шаралар ұйымдастырып, дәстүрлітүрде жұмыс жасап жатырмын. Сонымен қатар «youtobe» каналы арқылы «Еңбек адамы ел алдында»деген тақырыпта видеоблок жүргізуді өткен жылықолға алған болатынбыз. Биыл да жалғасын табатынболады. Яғни, еңбек адамдарын мейлінше ел алдынашығарып, кеңінен насихаттауды жоспарлап отырмыз.Жастардың болашаққа деген ынтасы жоғары. «Жаскелсе – іске» дегендей, алдағы уақытта ауыз толтырыпайта алатындай жұмыс сапасын көрсететін боламыз.
– Іске сәт! Сұқбатыңызға рахмет!
Әсел РЗАЕВА
28 қаңтар 2024 ж. 397 0