№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жастар көшбасшысы марапат биігінде!

Жастар көшбасшысы марапат биігінде!



Аудан жастарының мүддесін, талабын қорғап, олардың қоғам өміріне белсенді араласуында Наурызбай Орынбасаровтың еңбегі зор. «Жастар ресурстық орталығының» тізгінін ұстаған белсенді жас Еуропада тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын өзі білім алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушысы болып бастады. Жан-жақты тәжірибе жинап, білімін жетілдірген жас туған жердің игілігі жолында жалынды жастық шағын арнап, келелі мәселелерге білек сыбана араласып жүр.
Аудан жастарының саяси өміріне етене аралысып, рухани-мәдени ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, халық разылығын алып келеді.
Көшбасшы Наурызбай Ерікұлы жастардың уақыты тиімді пайдалану бағытында жұмыстарды жүйелі жүргізуде. Оның ішінде, бизнеске, салауатты өмір салтына басымдық беріп, жас кәсіпкерлердің имиджінің артуына жол ашты.
Осындай ілкімді істерін еленіп, «Жаңақорған ауданына 95 жыл» медалін кеудеге тақты. Лайықты марапатыңыз құтты болсын, Наурызбай Орынбасаров!
01 қараша 2023 ж. 340 0