№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Жаңа кітап

Ақын Файзулла Сахиев оқырман қауымға бірнеше жыр жинақтарымен танымал. Жақында «Еркін и К» баспаханасынан қаламгердің «Өмірдастан» атты жаңа жинағы кітап болып басылып шықты.
Кітап төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде туған жерді түлеткен еңбек адамдары туралы жазған өлең-дастандары берілсе, екінші бөлімде өткен күн естеліктерінен тарихи-деректі жазбаларына орын беріліпті. Кітаптың үшінші бөлімінде «Жүрегіне жыр тұнған ақын» деген тақырыпта қаламгердің әр жылдарда ұйымдастырылған шығармашылық кештерінен көңіл-күй толғаныстары өрнектелген. Төртінші бөлімде «Нар жүгін көтерген қаламгерлер» тақырыбында өзі бірнеше жылдар газетте қызмет атқарғанда өзімен әріптес болған замандастар туралы толғамды ой өрбітеді. Мағыналы естеліктерімен бөліседі.
Өткен күн өнегесіне қанығып, талант иелерінің тағылымдық мінез-қалыбына сусындағысы келген әрбіріміз үшін бұл жазбалардың орны бөлек. Сондықтан жаңа қолымызға тиген кітапты көптің назарына ұсынып, сүйіншілеуді жөн көрдік. Поэзия әлемінде сара жолы өз алдына, туған жеріміздің мәдениеті мен әлеуетінде өзіндік қолтаңбасы бар шығармашылық иесінің жеке қорында қатталған дүниелерін сарқып берген салмақты дүниелерінен оқырманның алары көп деп сенеміз. Жаңа кітап жан торсығыңыздан табылсын!

Әсел ИБРАГИМОВА
30 желтоқсан 2023 ж. 687 0