Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қаламымен сыр шерткен жандар

Қаламымен сыр шерткен жандар

Биыл Жаңақорған аудандық төл басылымы – «Жаңақорған тынысының» 90 жылдығына орай Кейден ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Қаламымен сыр шерткен жандар» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Шарада аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің жуналистері ауыл оқырмандарымен кездесіп, жан-жақты ой бөлісті.


 Кеш шымылдығын ашқан ауыл әкімі Сырлыбек Кенжебай оқырманға күнделікті ақпаратты жеткізіп отыруда байыпты сараптама, нақты тұжырымға ғана сүйенетін баспасөздің маңызына тоқталып, тоқсан жылдық тарихы бар төл басылымның беттерінде таңбаланған өміршең тарихтың өнегелік маңызына тоқталып, қаламгер қауымға жылы лебізін білдіріп, арнайы құттықтау хатын табыс етті.

– Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» деген орамды ойының жаны бар. Ауданның төл басылымының әрбір санын қалт жібермей оқып, іздеп отырамыз. «Жаңақорған тынысы» газеті ауданның шежіресі десек те болады. Өйткені, арзан ақпаратты желеу еткен жеңіл сөз емес, халықтың көкейтесті мәселесін жеткізу, сол арқылы мәселенің байыбына барып бағасын беру, ең бастысы елдің бірлігі мен берекесін сақтап, халық пен биліктің арасын жалғау секілді абыройлы міндетті арқалаған басылымның еңбегіне халықтың берер бағасы да ерекеше, – деді ол.

Кеш тізгінін қолға алған ҚР Мәдениет саласының үздігі Уәли Ибрагимов журналистермен емінеркін ақтарылуына барынша жағдай жасап, түрлі сауалдарға жетеледі. «Жаңақорған тынысы» газетінің мазмұны және дизайндық көркемделуі жөнінен озық, газет жұмысын жандандыруда дәстүрлі медиа мен жаңа медианы үлгілі үйлестіре отырып, мерзімді басылымдардың бұқарамен қарымқатынасын нығайту мәселелерін ортақ шешіп келе жатқанын да әңгімеге арқау болды.

«Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Баян Үсейінова тоқсан жылдық тарихы бар төл басылымның сан соқпақты тарихына тоқталып, қай кезде болмасын ағалар аманатына адал жарияланымның, ақпараттық қана емес, ағартушылық та миссиясына беріктігін тілге тиек етті.
– Құрметті қауым, төл басылымның жанашырлары – өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. «Билік пен халық арасында дәнекер болып, ақпарат майданында күнітүні тынбай қызмет етіп, өздеріңізге тұшымды ой, сүбелі сөзбен ақпарат жеткізу жолында еңбек етіп келеміз. Әділетті қоғамда әрбір жан жақсы еңбек еткенде жақсы өмір сүретініне сенімді болу керек. Ал еңбектің нағыз майталмандары біздің жанымызда жүр. Бұрын қарапайым еңбек адамдары туралы көп жаздық. Аудандық газеттің бір озық тұсы – қарапайым еңбек адамының шынайы бейнесін беріп келеді. Бұл еңбек адамына үлкен қуаныш сыйлайды. Солардың қуанышына ортақ болу, бұл бір жағынан өте сауапты, ізгілікті жұмыс. Аудандық газеттің жеті мың данамен тарауы, редакция үйінің асармен салынуы, бәрі де елдіктің туы биіктігін, халықтың ұжымдық рухы берік екендігін көрсетеді. Сіздер секілді оқырманы бар газеттің ғұмыры мәңгі болары сөзсіз, – деп көпшілікке алғысын жеткізді Баян Әлеудинқызы.

Ал, керемет кештің ұйымдастырушысы Кейден клуб үйінің директоры Балмұхаммед Әбжаппаров тілшілер қауымына алғыс айтып, ерекше ықыласын білдірді.

Төл басылымға биыл 90 жыл толып отыр. «Жаңақорған тынысы» газеті ауданымыздағы өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым. Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген өздеріңіздей өткір тілді журналистер қауымы заман көшінен қалмай, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер, – деп шығармашыл ұжымға шабыт сыйлады. Қаламын қару еткен журналистер ән-жырдан да кенде емес. Домбырасын қолына алып, қоңыр үнмен ән салған Мақпал көпті тәнті етті. Газет ұжымы қызметкерлері ауылдық клуб үйіне төл басылым бетінде жазармандардың әр жылдарда шыққан сүйекті мақалаларынан жинақталған «Дәуір айнасы» атты кітабын тарту етті.

Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Мұхтар Дәрібаев, Тоқтар Әжімұратов, Айдос Бидашовтар әннен шашу шашып, кештің көркін қыздырды.

Журналистермен кездесуде оқырмандар қатарында келешекте тілші боламын деп талаптанып жүрген шәкірттер кезекпе-кезек сауалдарын қойды. Олар өздері таңдаған мамандығының болашағы тұрғысында ой қозғап, ал жасы үлкен қариялар ақ батасын беріп, ақжарма тілектерін ортаға салды.

Әсел Рзаева

18 қыркүйек 2023 ж. 483 0