№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Білім кітапта

Екі апта бұрын ізденімпаз азамат Темірлан Қайкенмен кездескен едік.

Ол кітап оқу құндылығын насихаттаудың маңызын былайша түсіндірді:
– Қазір кітап оқитын буын қалыптастыру өте маңызды. Кітап оқымайтын адамның ой-тұжырымы мен парасат-пайымы қандай болады екен, ә! Сол жағын түсінбеймін. Сіз фейсбукте кітап оқуды дәріптеп жүресіз ғой! – деп сөз етті.
 Өзінің жобасына сендірген ол кітап оқу конкурсына Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, классик жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармашылығына арнап отырмыз деп бір қызықтырып қойды.
Тынымбай ағаға деген ерекше құрметімді біліп айтты ма, ол жағын білмедім! Не керек, КІТАП ОҚУ конкурсын насихаттау міндетін жүктеп, өз жайына кетті.
Кеше Темірлан қайта хабарласып, мән-жайды былай түсіндірді:
– Сіздердей кітапсүйер азаматтардың дәріптеуімен конкурсымызға 2 мыңнан аса адам қатысты. Қатысушыларға бірінші турда Т.Нұрмағамбетовтің "Келін", екінші турда "Анасын сағынған бала" әңгімесі ұсынылды.
Негізі "бүгінгі қоғам кітап оқудан ажырап барады" деген тұжырым дұрыс емес. Тек қызықтырып, тың жобалар ұсыну маңызды екен. Соған көзіміз жетті. Тіпті қатысушылар арасында оқушыларға арналған конкурстарды жиі өткізіп тұруды ұсынғандар көп болды, – деп қуанышымен бөлісті.
Ары қарай әңгімелердің желісі бойынша 10 сұрақтан (тест түрінде) дайындалып, Google платформасы бойынша үздіктерді анықтағанын айтты.
– Оқырмандар бір мезетте тапсырып, оның 7-не қомақты қаржылай сыйлық, 30-на ынталандыру сыйлығы берілді. Бас жүлдені Қандыағаш қаласындағы №2 мектептің оқушысы Серік Әлішерге (70 мың теңге) бұйырды. Ол 43 секундта 10 сұрақтың дұрыс жауабын тапты.
 Қатысушылар арасында зеректігімен ерекшеленген Ботакөз Телман 2 орын алып, 60 мың теңге, Жанаргүл Ермұлатова 3 орыннан көрініп, 50 мың теңгеге ие болды.
– Бәрекелді! Алда қандай жоспарлар бар?
– Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, жалғастыру. Кітап оқу конкурсында оқушылардың жасерекшелігін ескеріп, 3, 4, 5 сыныпты 1 топқа біріктіріп, 3 беттік шағын әңгімені ұсынып отырмыз. Одан бөлек 6, 7, 8 сыныпты және 9, 10, 11 сыныпты топтастырамыз.
– Белгілі бір әңгіме ұсынумен балалардың кітап оқуға қызушылығын арттыру қаншалықты мүмкін? Сіздер, қатысушыларыңызды немен қызықтырасыздар?
– Нарықтың заңдылықтары бойынша құндылықтарды қаржымен өлшейтін болдық. Бұл – шындық.
Алайда адамның рухани-мәдени көкжиегін кеңейтіп, білім сапасын арттыратын кітап оқуды мотивациялаудың тәсілі көп. Бұл туралы алдағы уақытта түсіндіретін боламын.
– Сіз кітап оқудың маңызын қалай түсіндірер едіңіз?
– Өз басым кітап оқуға байланысты екі тұлғаның ұлағатын жоғары бағалаймын.
 Біріншісі, ағылшын кинорежиссері және кинопродюсері Скотт Ридлидің "Әлемдегі ең керемет кинозал – ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің" дегені.
Екіншісі, француз жазушысы, философ Дени Дидрдің "Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды". Білім – кітапта екенін түсіндіруде бұдан артық не айтуға болады...


29 маусым 2023 ж. 1 503 0