Қос ақынның тартуы
Манап Көкенов атындағы Мәдениет үйінде өткен ақындар Бақдаулетқыздары Ардақ және Ләйланың шығармашылық кеші өлеңсүйер қауымның есінде ұмытылмастай сақталары хақ. Кеш тақырыбының «Қос қарлығаш» деп аталуының мәні – көзінің ағы мен қарасындай болған екі қарашығына ертеде қайран әкелерінің еншілеткен есімі екен. Қарлығаш сынды ақ ниетті, қайырымды болса екен деген ниеттен туған болар. Ұрпақтары үмітін ақтады.
Әке тілегімен қыздары 5 сыыныптан бастап музыка сыныбына жазылып, алдымен қобыз-приманы меңгеріпті. Мектеп бірірген соң да жоғарғы оқу олрнында Қыздар университетінде оқыған Ардақ қосымша музыкант мамандығын алып, төл мамандығы психолог болса да кейін мектепте мұғалімдікке орналасқан соң да жас өрендерді ән мен күйге баулып, шәкірттері республикалық деңгейде сайыстарда топ жарды.
Кеше, жыр кешінде Ардақтың ең алғашқы 5 сыныпта жүргенде жазған өлеңі тыңдарманды қатты толқытты. Жас кезінен өлеңге құмартуының себебі, әкелері қарапайым мамандық иесі болғанымен ақынжанды адам болған. Ал аналары қара сөзді өлеңдей төгілдіргенде кісінің әуесі кетіп, қаққан қазықтай қалт етпей тыңдап қалады екен. Қазір ол кісінің жасы сексеннің бесеуінде Ол кісінің аузынан шыққан мақалдарын ешжерден кездестірмегенін айтады көпшілік. Мәселен, «Кедейдің кенже інісі ұйқы мырза, үш күн, үш түн ұйықтаса болмас ырза. Еріншек пен жалқауға сәлем айтшы, Кездесейік төртеуміз келсін мұнда» дейді сөз шебері, өз заманында жалынды коммунист болып, жұртшылықты еңбекке үндеген тұлға.
Қос ақын қыздары – Ардақ пен Ләйланың бірігіп шығарған кітабын әке рухана арнапты. Бірінші бөліміне «Әке қиялы»» деп ат қойыпты Ардақ.
«Арман асқар, қиял – ойдың шыңдары-ай,
Аппақ сезім адамзатты шыңдады-ай.
Болмаса егер арман-қиял санада,
Болмас та еді бұл өмірдің шын мәні» деп тебіренсе, екінші бөлімде Ләйланың жырлары «Ана арманы» деген тақырыппен топтастырылыпты.
Кітаптың алғысөзін әкелерінің досы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Зұлфар Сейтжанов жазыпты. Кеш Ардақтыкі болғанмен Ләйла қонағы, өйткені ол қазірде Алматы қаласында тұрады, мамандығы журналист. Осы екі талантты тұлғаның шығармашылық кешін бір арнада түйістіріп кереметтей кештің өтуіне мұрындық болған , сценарийін жазып, биік деңгейде сахнада көрініс табуына шығармашылық әлеуетімен шырай дарытқан аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаеваның кәсіби шеберлігін айтпай кетпеске болмайды.
Шығариашылық кещке алыстан ат арытып келген ақын-жазушылар түгел риза болып тарқасты.
Баян ҮСЕЙІНОВА