№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Қос қарлығаш атты шығармашылық жыр кеші өтті

Қос қарлығаш атты шығармашылық жыр кеші өтті


 
Кеше  Жаңақорған Ауданы Әкімдігі- нiң қолдауымен, Жаңақорған Мәдениет Бөлімі нiң ұйымдастыруымен Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ардақты Бағдәулетқызының «Қос қарлығаш» атты шығармашылық жыр кеші өтті.

  Шығармашылық жыр кешіне арнайы келген танымал тұлғалар көп болды. Олардың ішінде Түркi, Әлем және Қазақстан Халықтары Жазушылар Одағының Президенттері, халықаралық ақындар мен жыршы-термешілер және ауданның құрметті азаматтары аса iлтипатпен қадipлi қонақ төрiнде отырды.
Қарқынды қамал алуға ұмтылған Ардақтының абыройын одан әрмен Абай елiнен келген ағасы мен жеңгесі асқақтатып кетті.

Атағы алты алашқа жайылған ардақты азаматтарды ауданға алып келіп, көңілден кетпестей кеш сыйлаған ақын қызына жерлестері де шынайы риза болды. Кеш барысында Ардақты Камактың сөздерiне жазылған әндер мен термелер шырқалып, кеш иесіне арналған күйдiң де тұсауы кесiлдi.
Әрмен қарай, апалы-сiңiлi Ардақты мен Ләйланың екі бөлімнен тұратын «Қос қарлығаш» атты жыр жинағының тұсау кесер рәсімі өтті. Аталған жыр жинақ қос автордың әкесі мен анасына арналған бөлiмдерiмен ерекшеленiп, көпшілікке ұнады.

Екі сағатқа жетпей өте шыққан шығармашылық кеш ақынның өзі айтқан үдесiнен шықты. Әдемі кештің көрінісі көптің көңілінде қалды.







18 тамыз 2022 ж. 661 0