№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ауылдың аяулы тілекшілері

Ауылдың аяулы тілекшілері


Әркім өзі туып-өскен жердің топырағына қарыздар. Кім болсын өзі туып-өскен жердің қадір-қасиетін ойында сақтап, перзенттік парызына адалдық танытса керек. Облыстық әйелдер ұйымының және облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы жөніндегі комиссияның біріккен жобасына сай төркін жұртқа сапарлап келген Қызылорда қаласында түрлі саалада қызмет етіп жатқан қыз-келіншектер қауымына бұл күн естен кетпестей әсер сыйлады.


Облыстық әйелдер ұйымының тө­райымы Райкүл Байназарова бастап келген топты аудандық ішкі саясат және мәдениет бөлімі, әйелдер ұйымы атынан арнайы өкілдер Сығанақ қаласының тұсында күтіп алып, туған жерге алғашқы қадамды тарихи қаланы таныстыру­мен бастады. Меймандар көшпенділік пен отырықшылық мәдениеттің түй­іскен орталығын айқындайтын қара­орында құндылықтардың ізі қалған жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды. Қаланы айналдыра шеңбермен қоршалған қорған орындарының сұлбасы айнала егіншілкке келетін ыза судың әсерінен шөгіп, көмескілене түскен. ХІХ ғасырдың басына дейін өмір сүрген халықтың әрқайсысы өз мәдениеті қабатын тастап, асты толған ескерткіш тұнған қала тарихына терең үңілген көп сырға кезігеді. Көшелердің сұлбасы аңғарылатын қала орнын аралағанда сол кез тұрмыс жағдайынан сыр аңдататын тандырдың орны, кәріз жүйесі, су көздері орындары сақталған. Осы жерге 2003 жылдан бастап Сәйден Жолдасбековтің жетекшілігімен зерттеу жүргізіп келе жатқан ХҚТУ-дың тарих және археология кафедрасы маманы Сағынбай Мұрғабаев ежелгі қала туралы мол деректерге қанықтырды.
Келушілер осында жатқан Хис­самеддин баба басына зиярат етті.

Бұл күні туған жерге арнайы шақыртумен табан тигізген ынталы топты аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы қабылдап, ықыласты пейілімен бөлісті. Туған жұртқа төркіндеу ұғымында туыс-бауырға қарлығаштай қамқор болып жүретін қыз баланың табиғи болмысы тұнып тұрғанын, қазақтың қыз балаға төрден орын беріп құрметтеген дәулетке кенеледі деген ырымына орай, ауданға өзі басшылыққа келген алғашқы кұндерде куә болып отырған арулардың бұл қайырлы қадамын болашақ мол берекеге жорып отырғанын да жасырмады. Мемлекет басшысының халықты жаңаруға үндеген талаптарынан туындайтын алдағы міндеттерге тоқталды. Аналарға гүл шоқтарын тарту етті.

Жаңақорған халқының өте еңбек­қор екендігін, қай салада болсын қолдау болса іліп әкетіп, ісін жүргізгісі келетіндердің ықыласы тәнті еткеніне тоқталды. Ең бірінші мақсат – халық­тың жағдайын көтеру, жұмыссыз жүр­гендерді еңбекпен қамту, үй-күйі жоқ­тарды баспанамен қамтамасыз ету мә­селесі өзекті екенін айтып, осы орай­да жаңадан басталғалы отырған жарқын жобаларды баян етті. Оның ішінде балалар ойын алаңы бірінші орында тұр екен. Сол сияқты бүгінде түйткілді мәселеге айналған тротуар салу жұ­мысы қолға алынбақ. Сонымен қатар туған жерімізде темір-бетон және кірпіш шығаратын зауыт ашу талабы жүзге жуық жасты жұмыспен қамтуға кепілдік беретіні де көңілдерді марқайтты.
Аудан басшысы бүгін туған жерге төркіндеп келіп отырған қыздардың қатарында ерлерден кем емес табандылығымен таудай іс бітіріп, атамекен халқына мешіт үйін тарту еткен Жүсіпова Несібелі ханымға айрықша рахметін айтып, осындай биік дәрежені бағындырудың өзі отбасында алған тәрбиенің жемісі екендігін айтып, жаны таза ұрпақ тәрбиелеу бағытында бас біріктіруге үндеп, ұлт тәрбиесінде ұлттық үрдісімізден жаңылмауға шақырды. Осы ретте қонақтарды бастап келген Райкүл Байназарованың лебізі төмендегідей өрілді:
– Біздің мақсатымыз – қоғам тыныс-тіршілігін жіті херттеп, қай салада не істей алатынымызды біліп, соған сай жоспар түзу. Бүгінгідей алапат технология адам санасын улап, ұжданнан жұрдай еткенін күтіп отырмай, қарсы әрекет-амал жасауға тиіспіз. Әсіресе, қыз бала тәрбиесі басты орында тұруы тиіс. Кіндік қаның тамған жерге маңдай терің төгілсін деген сөз бар. Елге қызмет ету керек. Сол үшін елге бет түзеген сапарымызды «Туған жерге тағзым» деп алдық. Кеше ел астанасында берген ауызашар дастарханында «Ең бірінші халықтың сана-сезімін тәрбиелеуіміз керек» деп айтқан Президент сөзі біздің иығымызға да жауапты міндет арқалатқанын сезіндім, - деді ол. Бүкіл ғұмыр жолы ағарту саласымен тұтаса өрілген тұлғаның бұл жүрек сөзі өзін ұрпақ тәрбиесінен тысқары сезіне алмайтын азаматтарға салмақты міндет арқалатқандай. Келесі кезекте сөз алған облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі жіәне отбасы жөніндегі комиссия төрағасы Қаламқас Каримова әр өңір қыз-келіншектерінің туған жерге тағзым етіп, арнайылап сапарлап баруына жағдай туғызып отырған қоғамдық ұйым жетекшілеріне рахметін айтып, алдағы уақытта осындай мағыналы басқосуларды жиірек өткізудің мән-маңызына тоқталды. Дөңгелек стол басында жиналғандар ірі меценат, бұған дейін сандаған сауапты амалдарымен көптің алғысын алып келе жатқан Несібелі Жүсіпованың лебізіне сүйсіні­сін жасырмады. «Мен бүгінге дейін де елім, жерім деп келген адаммын. Бүкіл әлемнің Раббысы жердегі үйін тұрғызуды кім болса соған нәсіп етпейді. Өзгеріп бара жатқан қоғамда өзгеріп бара жатқан ұрпақты тәрбиелеу ісінде имандыылық ошақтары – мешіттің орны бөлек. Міне, осы қымбат мұраның бой көтеріп, ел игілігіне беруді маңдайыма жазған тағдырыма ризамын. Мешіт жанында балаларға ойын алаңқайын да жасап бердім. Осы біткен іс өздеріңізге аманат» деді.
Топ құрамында Қорқыт Ата атында­ғы университет оқытушылары, қалалық мәслихат депутаттары Гүлшат Мұсаева, Меруерт Өмірзақова да бар.
Арнайы құрам Жайылма ауылындағы №195 орта мектебінде және Жаңақорған агроколледжінде болып, аудандағы ең алдыңғы қатарлы оқу ошағының тыныс-тіршілігімен танысып, үлгілі жүріп жатқан үйірме жұмыстарына қанықты. Қуыршақ театрының қойылымын тамашалады.
Келген қонақтарға аудан қыздары атынан әйелдер кеңесінің төрайымы Әзия Қыстаубаева тарту-таралғыларын табыс етті.

Баян ҮСЕЙІНОВА
30 сәуір 2022 ж. 596 0