№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әке мен бала медиация жолымен татуласты

Әке мен бала медиация жолымен татуласты

«Ел іші даусыз болмас» дегендей барлық елде түрлі деңгейдегі даулар, келіспеушіліктер, құқық бұзушылықтар кездесіп жатады.
Олардың барлығын сотқа сүйреп, сот арқылы әділдік қалыптастыра беру мүмкін емес.
Ең алдымен бұл соттардың жүктемесін арттырса, екіншіден сот арқылы дауды шешу, кінәліні жазалау ұзақ уақыт алатын процесс. Үшіншіден, адвокат жалдау, баж салығын төлеу секілді қосымша шығындарға алып келетін әрекет.
Төртіншіден сотқа дейін жетпеген істерде жеке өмірдің құпиясы сақталады.
Сондықтан уақытты да, қалтадағы ақшаны да үнемдеп, сот саласын қосымша жүктемеден арылтудың, мәселені сотқа жеткізбей шешудің бірден бір жолы медиация жүйесі.
Сондай-ақ отбасылық институттың құлдырауы әлемдік үрдіс десек- бүгінде сол келеңсіз жағдай елімізге де тән.
Бүгінгі таңда отбасыда әке мен бала арасындағы байланыстың бәсеңдей түскендей жайы байқалады. Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан маңызды һәм баланың болашағына да негізгі бағдар болмақ.
Сөзімізге арқау болған жәйт аудандық соттың өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарында анықталғандай азамат С., Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында орналасқан үйінде әкесі С-ға сыйламаушылық танытып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекет жасаған.
Сотта азамат С., өз кінәсін мойындап, әкесі С-мен қазіргі кезде медиация тәртібімен татуласқанын және жәбірленуші азамат С-ға кешірім беретінін онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен өзіне қатысты іс қаралып жатқан тұлға С-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылып, ол жауаптылықтан босатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
08 ақпан 2022 ж. 254 0