№38 (8952) 23

23 мамыр 2026 ж.

№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Еріктілер көшпелі көрмелер ұйымдастырады

Еріктілер көшпелі көрмелер ұйымдастырады


Алдағы уақытта, аймағымызда қайырымдылық марафоны аясында көшпелі үйірмелер ұйымдастырылмақ. Себебі, шет аймақ тұрғындары еріктілер өткізетін іс-шаралардан тыс қалуда. Бұл өз кезегінде шалғайдағы ауыл халқы үшін жасалып жатқан үлкен мүмкіндік. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Волонтерлар фронт офисінің" жетекшісі Болатбек Айтбенбетов мәлімдеді.Жалпы, 1 наурыздан бастап сырбойылық волонтерлар «30 игі іс» аясында қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Соған сәйкес «Волонтерлер фронт-офисы», «Зекет», «Ел-арай», «Шын жүректен Қызылорда» қоғамдық қорларымен бірлесіп, 4256 отбасына азық-түлік себеттері, ауыз ашар қоржындары үлестірілді.
Облыстық жастар орталығы ғимаратында «Hand Made Qyzylorda» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі өткізілді. Көрмеге 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі шеберлердің туындысы қойылып, 120-ға жуық көрермен қатысты.
Сонымен қатар, балалар күні мерекесінде тұрмысы аз қамтылған отбасының балаларына 8 компьютер мен 2 ноутбук сыйға берілді.10 отбасы тұрмыстық техникамен қамтылды. Ал, «Донор бол» акциясына сай 170 адам қан тапсырды.
Айта кету керек, облыстық жастар орталығы жанынан «Әлеуметтік жәрмеңке» де ұйымдастырылып, онда 200-ден астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.
02 шілде 2021 ж. 654 0