№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

№45 (8859) 21

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Киіз үй


Қарап тұрсаң бұрынғылардың киіз үйінің терезесі жоқ, бірақ үй ішінде отырған қазақ қандай қонақтың келе жатқанын аттың дүбірінен танып отырған.

Мысалы, аттылы кісі алыстан атынан түсіп үйге қарай жаяу аяңдап келе жатса демек ол құтты қонақ.
Ал егер атынан түспей үй маңына дейін дабырлап шауып келсе ол суық хабар жеткізуші қонақ немесе үй иесін сыйламайтын өктем қонақ, жаулық ниетпен келген қонақ болғаны.
Түзу ниетпен келген қонақ ауыл төбесі көрінгеннен атынан түсіп жаяу жетектеп жетіп үйдің оң жағына келіп тоқтаған.
Суық хабар жеткізуге келген қонақ ішке кірмес бұрын үйді бір айналып шығады, сосын табалдырықтан оң аяғымен аттаған күйі тізе бүгіп, басын иіп тұрып сұмдық хабарын үй ішіне жеткізеді.
Егер бұлай жасамаса бұл шаңырақты ғана емес бүкіл рулы ауылын құрметтемеген болып шығады.
Киіз үйдің табалдырығын биік етіп жасаулары да осыған байланысты, есігінің төмен етіп жасаулары да осыған байланысты.
Киіз үйдің төрі аспанмен, босағасы жермен тең құрметтелген...

Міне көшпелі қазақ даласының мәдениеті
05 қазан 2020 ж. 828 0