№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Түсіңізде ақша көрсеңіз...

Түсіңізде ақша көрсеңіз...


Түсіңізде ақша көргенде бұны қалай жоруға болады? Бұл сұрақтың жауабы sonnik.ru сайтынан алынды.
Егер түсіңізде ақша тапқан болсаңыз, ұсақ-түйек қиындықтар аяқталып, табысқа қол жеткізесіз.
Ақшаны біреуге беріп жатсаңыз, көп ұзамай өміріңізде сәтсіздіктер басталады. Ал біреуден ақша алсаңыз, керісінше сізді байлық пен жетістік күтіп тұр.

Ақша жоғалтып алсаңыз, істеріңізде қиындықтар туындап, отбасында жанжалдар болады. Түсіңізде ақша санап, оның жетпей тұрғанын анықтасаңыз, өңіңізде күтпеген шығындар болады деген сөз. Морфей патшалығында ақшадан қысылып, үнемдеп жүрсеңіз, шынайы өмірде байлыққа кенелесіз. Ал ақша ұрласаңыз, бұл шынайы өмірде сізге қауіп төніп тұр, абай болуды ескертетін түс.
Егер тиын немесе қағаз ақшаға үңіліп қарап тұрсаңыз, табысыңыз өзіңіздің пысықтығыңызға тәуелді болғаны. Қомақты ақша сомасын қарызға алғаныңыз түсіңізге кірсе, шын мәнінде айналаңыздағы адамдар сізді бай деп ойлайтыны. Араларында сізді сараң деп есептейтіндер де жоқ емес екен. Тұрмысқа шықпаған бойжеткен қарызға алған ақшаның барлығын жұмсап тастағанын көрсе, бұл оның жақын досынан айырылып қалуы мүмкін екенін ескертеді.

Oinet.kz
30 сәуір 2020 ж. 660 0