№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Рамазан айында қалай шөлдемеуге болады? Ғалымдар кеңесі...

Рамазан айында қалай шөлдемеуге болады? Ғалымдар кеңесі...


Ораза әрбір ересек, дені сау мұсылманға  парыз етілген асыл дініміз Исламның бес парызының бірі.  Ораза таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ пен судан бас тартуды білдіреді. Адам баласына бірнеше сағат бойы аштық пен шөлді сезіндіреді. Сондықтан мұсылмандар осы кезеңде Алланың жаратылысы мен нығметтерінің бірі-судың қадірін  ерекше сезіне алады.

Қатты шөлдеу сезімін тудырмай оразаны өз дәрежесінде ұстау туралы Мысыр Метеорологиялық Басқармасының дәрігері Айман Әл-Хади  2019 жылы 22 мамырдағы «Тәуелсіз Египет» баспасына берген сұхбатында ораза ұстаушыларға қатысты төмендегі келелі кеңестерді ұсынады.

1. Сәресі кезіндегі су мөлшері. Ғалым осы жайында былай дейді: «Сәресі уақытында  көп мөлшерде су ішпеңіз, өйткені, бүйрек  бірнеше сағат бойы оны шығарады.  Оның орнына, ауызашар мен сәресі арасындағы ұзақ уақытта су ішкен пайдалы».
2. Оразада нені ішкен абзал? Ғалым одан әрі ауызашар кезінде суық суды пайдаланбауға кеңес береді, себебі, бұл қан капиллярларын қысып, тамақтың сіңуін қиындатады. Жасанды бояғыштары жоқ әрі денені көптеген аурулардан қорғайтын каркаде, мүйіз ағашынан жасалған шырындар мен  мия шырындары сияқты сусындарды ішкен жөн. Мұндай табиғи сусындар денені ылғалдандырады және сұйықтықтың жоғалуының алдын алады.
3. Тұзды қолданбаңыз. «Тұзды тағамдардан, мысалы, тұздалған балықтан, сондай-ақ асқазанның қышқылдығын жоғарылатып, ағзаның сұйықтыққа деген қажеттілігін арттыратын көптеген дәмдеуіштерден тұратын тағамдардан аулақ болыңыз», - деп кеңес береді.
4. Жемістер. Ғалым оразашының сәресінде ұзақ уақыт ішекте қалып, аштық пен шөлдеу сезімін төмендететін пайдалы мөлшерде су мен талшықтан тұратын жемістерді жеуді насихаттайды. «Сіздерге қарбыз және жүзім сияқты талшық пен судан тұратын жемістерді жеуге кеңес беріледі. Қарбыздың құрамында 92% су бар», - дейді  ғалым дәрігер.
5. Кофеин атаулыға «жоқ» деңіз. Әл-Хади сенушілердің кофеині бар сұйықтықты, кофе және алкогольсіз газдалған сусындарды «Кока-кола» сияқты тағы басқа ағзадағы судың мөлшерін азайтатын сусындарды ішпеуге кеңес береді.
6. Көкөністерді пайдаланыңыз. «Көкөністерді, мысалы, қияр сияқты көкөністерді жеңіз, себебі, ол шөлді басып, денені  салқындатады әрі жүйкенің шаршауын басады. Олар ас қорытуды жеңілдетіп, токсиндер шығаратын және ішекті тазалайтын целлюлоза талшықтарынан тұрады», - дейді дәрігер.
7. Сондай-ақ, ораза ұстайтын адамдар тәтті тағамдардытұтынуды азайтуы тиіс, өйткені, тәтті тағамдар ағзада күшті шөлдеу сезімін тудырады. 
8. Жүрек-қантамыр жүйесінің саулығын сақтау үшін «Қан қысымын жоғарылататынсусындардан аулақ болыңыз, диабетпенсырқаттанғандар шырындар мен қантты сусындардыішкенде  аса сақ болуы керек». Әбу Хурайрадан жеткізілген  хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.):
«Адам баласыныңәрбір іс-амалы оннан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі. Даңқты да Ұлы Алла былай дейді: «Тек оразаның жөні бөлек. Оның сауабын Өзім беремін. Өйткені, ол Мен үшін қызықтардан, ішіп-жемнен бас тартқан».
Ендеше, Ұлы Жаратушы баршамызға биылғы оразамызды жеңілдікпен, амандықпенқабыл болатын түрдегі өз деңгейіндеұстауымызды нәсіп етсін!

Дереккөз: islam.kz
25 сәуір 2020 ж. 359 0