№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » ЕР ЖІГІТТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН БАБАЛАР ҰЛАҒАТЫ

ЕР ЖІГІТТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН БАБАЛАР ҰЛАҒАТЫ

Төмен айтылған нақыл сөздер әр жігіттің көкірегінде сайрап тұрса.
▪ Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.


▪ Ер азығы мен бөрі азығы – жолда.


▪ Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.


▪ Ердің жақсысы - елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы - ерімен ойласады.


▪ Адам болатын жігіт алдымен өз нəпсісін билейді.
Сонан кейін ауылын билейді.

Ауыл билеген - аймағын билейді.


▪ Пайдасы бар жігіттер - дария шалқар көлмен тең,
Пайдасы жоқ жігіттер - ем қонбайтын шелмен тең.

▪ Ел болатын жігіттер -
Ел намысын жыртады.
Ел болмайтын жігіттер -
Елін ұрлап құртады.

▪ Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

▪ Қойдан қойдың несі артық,
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық,
Ойлап айтқан сөзі артық.

▪ Бай болайын деген жігіт - айырбасшыл келеді,
Адам болайын деген жігіт - қарындасшыл келеді.

▪ Болатын жігіт - епшіл,
Болмайтын жігіт - кекшіл.

▪ Жаман болатын жігіт шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт еріншек келер.

▪ Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
23 ақпан 2020 ж. 4 071 0