«Ұлыңыздың немесе қызыңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?»
Аудан орталығындағы бір мектепте екі жүздей ата – анамен сауалнама жүргізіліпті. Сұрақ: «Балаңыздың кім болғанын қалайсыз» «Ұлыңыздың немесе қызыңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?» деген сияқты болып өріліпті. Осы сауалға жауап берушілердің басым бөлігі «Баламның азамат болғанын қалаймын. Ұл-қызымның бойынан қарапайымдылықты, имандылықты көргім келеді» деп жазыпты.
Сауалнамада астын сызып көрсетуге берілген жауап үлгілерінің ішінде адам бойындағы айрықша қадір-қасиеттер – көшбасшылық, қайраткерлік, қайсарлық, өжеттік, өз-өзіне сенімділік деген сияқты тіркестер тізілген екен. Ата-аналар қазіргі заманның құндылығы саналар осы талаптардан аттап өтіп, былайша айтқанда тәрк етіп, неге қарапайымдылықты, имандылықты таңдады екен деп ойға қалдық. Бұдан түйеріміз, қоғам қатыгездіктен, төрешілдіктен, астамшылықтан қатты қажыған тәрізді. Осы бізді алға апарады, жақсылыққа жеткізеді деп армандаған, сенген өркені өз қолы өз аузына жеткен соң қарақан басын күйттеп, тез арада байып, бақуаттанып, шенін өсіріп, білдей лауазымға қол жеткізіп алған соң алдына келгенді танымай, тіпті өз шыққан тегіне мұрнын шүйіре қарайтын өресіздікке, рух әлсіздігіне ұрынып жататынына талай-талай куә болып, іштей тарығып, таусылып жүрген тағдырластарымыздың бұл көңіл-күйін түсінуге де болады. Балам әкім болады, министр болады, сот болады, прокурор болады деп әлпештеп өсірген ұланнан ұлттың ұжданын, қарындастың қамын жейтін қарадомалақты емес, бұйрық беріп, үкім шығаруға, кез-келген ортада өзін қожа санап, билік қылуға бейім тұрар шалақазақты күте беруге болатындай.
Бірақ неге екенін, біздің ұстаздарымыз перзентінің бойынан имандылықты, қарапайымдылық қасиетті көргісі келетін ата-ананың қалауынан шошитын тәрізді. Неге көшбасшыны таңдамайды.? Неге қайсарлықты емес? Неге өз-өзіне сенімділікті емес? деп таң болып отырғанын да жасырмады. Ал неге имандылық қасиетті төмен тұту керекпіз? Имандылығы мол адам көшбасшы болмайды, қарапайым жан қара үзіп қатарының алдына шыға алмайды деп кім айтты. Тіпті ұлттың ұлы тұлғасы – Нұрсұлтан ағаның өзі өмір жолын қарапайым еңбектен бастаған жоқ па? Малшының баласы болып, шаруаға жегіліп, бейнетке пісіп, әзиз әжесінің сырлы көкірегінде қатталған ізгілік қағидаларының құнарына қанығып, санасына сіңіріп өскендігі кейін кемел көшбасшылығына кедергі болды ма? Қайта иесіне әлеуметтің баршасының жан-дүниесін, болмысын бес саусақтай білетін дегдарлықты тарту еткен жоқ па? Имандылық бесігінде тербеліп өскен тазалығы бүкіл болмысын жарқыратып нұрға бөлеп келе жатқанына жұрт куә. Бірден басшы боп аспаннан аяғы салбырап түскен адам қарапайым жандардың жай-күйін дәл өзіндей ұғынуы мүмкін бе? Бойында иманы аз, көкірегіне нан піскен шенеуніктің алдына келгеннің жағдайын түсініп, шаруасын шешіп беруге талпынарына сену қиын. Тіпті іштарлықтан әріге бармас бақай есепті баққұмарлардың ұлтқа шын қызмет жасағысы келетін ақжүректілердің аяғына тұсау салып, соңына шырақ алып түсуден әріге бара алмас әділетсіздігін талай көзіміз көріп, жанымыз күйіп жүр ғой. Мұндай жандар төре болып, төбемізде отырғанда не ұттық? Сондықтан қарапайым болғанның басына бақ қонып, елдің алдына шықпайды деген сараң үміттен сақ болайық дегім келеді.

Баян ҮСЕЙІНОВА.