ЖАНЫҢДАҒЫ АДАМ БАҚЫТТЫ БОЛСА, СЕН ДЕ БАҚЫТТЫСЫҢ
Үлкен кісілерден өнеге-насихат
Бақытты болғысы келмейтін адам жоқ. Барлық әйелдің күйеуімен, өз отбасымен бірге бақытты болғысы келеді. Ал күйеуі мен балаларын, ата-енесін қуантып, соларды бақытты қыла алмаған әйел ешқашан бақытты болмақ емес. Сондықтан ең алдымен күйеуіңнің жағдайын жасап, оның көңілін тыныштандыруың керек.
Ол үшін:
1. Үйдегі өз орныңды айқындауың керек. Сені олар қызындай көрсе де, өзіңнің келін екеніңді, әйел екеніңді ұмытпа. Қажет кезде күйеуіңнің қызы бола біл, керек кезде оған анасы секілді қамқор бол, дос секілді сырлас, қарындасы секілді еркеле.
2. Күйеуіңнің алдында ешқашан даусыңды көтеріп сөйлеме, тіпті, балаларыңа да. Оның көңілін қалдыратын сөздер айтпа. Бұл оның саған деген құрметі мен сезімін суытып жібермесе де, араларыңа сызат түсіреді. Тіліңді тізгіндеп ұста.
3. Тіліңді тағы да тізгіндеп ұста. Басқа бәле тілден келеді. Ғалымдардың «Үндемеген кездерім үшін ешқашан өкінген емеспін» деген сөздерін жадыңа тұт. Көп ер адамдарға әйелінің қарсы шыққаны емес, үндемей қалғаны ұнайды.
4. Күйеуің бірдеңе айтса, оны мұқият тыңда. Уақытыңның жоқтығын айтып, басқа нәрселермен әуре болып кетіп қалма.
5. Оның қызығатын нәрселеріне бірге қызық. Сол ортаға кіріп, аралас.
6. Ол жұмыстан келгенде өз үйінде демала алатындай жағдай жаса. Үйге тыныштық пен жайлылықтың атмосферасын орнат.
7. Оның қателіктерін көріп тұрсаң да, бетіне баспа. Оны білдіртпей, жанамалап, жұмсақ түрде түзетіп жібер. Ол қолыңнан келмесе, анасына, әпкесіне (өзіне жақын адамдарына) айтып, солар арқылы дұрыстап жібер. Күйеуін бақытты еткен әйел ғана шын бақыттың дәмін сезетінін ұмытпағайсың!