Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Қазаның қайнап, шаңырағың жайнап тұрсын

Қазаның қайнап, шаңырағың жайнап тұрсын


Әлгі «Қол бастау қиын ба? Жол бастау қиын ба? Сөз бастау қиын ба?» деп Досбол шешеннен жиылған жұрттың сұрайтыны бар еді ғой. Сол секілді бір жолы бір жас қыз жеңгелерінің бірінен:
- Жеңге, айтыңызшы, әйел болу қиын ба, келін болу қиын ба әлде ана болу қиын ба? Қайсысы қиын? - деп сұраған екен. Сонда жеңгесі аз ғана ойланып:
- Әйел болу қиын емес, себебі, Алла Тағала табиғатыңды солай жаратқан соң, күйеуің жақсы болса, біраз уақытта түсінісіп кетесің. Ана болу да қиын емес, себебі, балаң туған соң өзің-ақ мейірімің оянып, еміреніп тұрасың. Бәрінен де келін болу қиын. Себебі, сен бір ғана адамға күйеуге шыққаныңмен, ол жалғыз болмайды. Туыстары, достары, өз ортасы, жақындары бар. Бәріне бірдей жағуың керек, - дейді.
Иә, келін деген қыз бала үшін абыройлы атақ болғанымен, оның да өз жауапкершіліктері бар. Жүзі жылы, жұмсақ сөзді, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіп, тірлік таңдамай, жүгіріп тұратын келіндер қай жерде де қадірлі. Әйелдің от басы, ошақ қасында таза болуы, ыдыс-аяғы мен үйін ұқыпты ұстауы құпталатын істерге жатады. Сондықтан болашақ ана жас кезінен-ақ қамыр жаюды, қазан жылтыратуды үйрене бергені абзал.

Төлеуғали Есетұлы Бөргелов
10 желтоқсан 2019 ж. 1 162 0