№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сөз өнерінің зергеріне 117 жыл

Сөз өнерінің зергеріне 117 жыл

1902 жылдың 29 қарашасында қазақтың аса көрнекті жазушысы Ғабиден Мұстафин дүниеге келді.
Ол бұрынғы Ақмола облысының Нұра өзенінің жағалауындағы Сарытөбе атты жерде (қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы) туып, ауыл молдасынан ескіше сауат ашты. 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы орыс-қазақ мектебін бітірген.
1927 жылы «Жыл құсы» журналында алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» тырнақалды әңгімесі жарияланып, 1929 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» атпен шыққан. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарыққа шықты. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді. Сондай-ақ жиырмасыншы ғасырдағы қазақ өмірінің сан қырлы суреттерін салған, көркемдігі кемел, тілі кенен «Дауылдан кейін», «Көз көрген» романдарының авторы.
Ғабиден Мұстафин шығармашылық пен қатар қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, 6-шы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 4-5,8-10 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медалдармен марапатталған.
 Кейінгі ұрпаққа қаламгер «Біз ұлтшылдықпен күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресіңдер» деген ұлы амаманат қалдырды.   
29 қараша 2019 ж. 800 0