№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Әке батасы


Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді:
– Қанша қалыңмал беру керек болса – сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат көлігім бар. Қызыңызға үйленуге рұқсатыңызды берсеңіз, өмірімнің соңына дейін ханшайымдай аялап өтемін, – дейді.
Қыздың әкесі жігітке былай дейді:
– Саған бір ғана сұрақ қоямын. Дұрыс жауап берсең, берген қалыңмалың сол болсын! Қызымды алтынмен апта, күміспен күпте демеймін. Тек сұрағыма дұрыс жауап берсең болғаны.
– Бір сұрақ болса, жарасы жеңіл екен ғой, – деп қуанған жігіт, қыздың әкесінің шартын қабылдайды. Қыздың әкесі жігіттің көзіне тіке қарап:
– Таң намазының Азаны қай уақытта шақырылады? – дейді. Жігіт қызарып кетіп, ұзақ ойланып:
– Таңғы сағат төртте. Аа, жоқ. Үште-ау деймін… Шынымды айтсам, білмейді екенмін, — дейді.
– Тыңдашы, ұлым, — дейді қыздың әкесі жылы жүзбен: – Мен үшін сенің байлығың, атағың маңызды емес. Қызым – менің байлығым, менің ханшайымым. Оған патшайымдай қарап өтетін адам керек. Қызымды тек Алладан қорқатын, Аллаға бой ұсынатын жан ғана бақытты ете алады. Тек салиқалы жар ғана Аллаһ Тағалаға жақындауға көмектесу арқылы – қызыма екі дүниенің бақытын сыйлай алады, – депті.
Осындай мейірбан, қамқор, қыздарын осыншалықты жақсы көретін әкелер көп болсын, аман болсын! Ал, «Өмірдің мәні – тек байлықта» деп ойлайтын жандарға бұл сабақ болсын!
13 қараша 2019 ж. 1 098 0