Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » «Түс – тәңірдің аяны»

«Түс – тәңірдің аяны»


Шынында да қаншама ғылыми болжамдар мен дәлелдер айтылғанына қарамастан, түс әлі күнге жұмбақ құбылыс болып келеді. Түске өте үлкен ман беретін халықтың бірі – қазақ.

Қағаз ақша – ырыс, табыс

Тиын ақша – жағымсыз сөз, өсек

Жас бала көтеріп жұру – тұрмыстағы тауқымет, жоқшылық

Лай суда жүзу – қарыздану, қысылу

Мөлдір суда жұзу – қиыншылықтан құтыласың, күтпеген көмек

Ұсақ жәндіктер қаптау – табыс, ырыс, байлық

Жұмыртқа – кіріс (аздаған пайда)

Қара жылтыр көйлек кисең – үлкен олжа, бір жарысқа түскелі тұрсаң жеңіп шығасың

Аяғы ауыр әйел қара киім кисе – өлі бала

Аяғы ауыр әйелдің шашы өсіп кетсе, айнаға қараса, гүлді көйлек кисе – қыз бала

Сары киім – ауру

Алқа, жүзік, білезік, сырға – қыз балаға көрінеді

Есіктің алдына капуста, помидор т .б . көкөніс салып жатса – қыз тұрмысқа шығады

Аяқ киім – ер үшін де, әйел үшін де жұбайына жорылады

Қыз жаңа аяқ киім кисе – тұрмысқа шығады

Әйел түсінде жалаңаш жүрсе – аяғы ауырлайды

Қыз жалаңаш жүрсе – абыройсыздыққа, ұятқа ұшырайды

Егер саған тырдай жалаңаш адам қарап тұрса – сапарға шықпа, сәтсіз болады

Түсіңде жас әйел көрсең – сәтсіздік, отбасындағы ұрыс-керіс

Түсіңде қарт адам көрсең – жақсылық

Түлкі, сары тазы ит – ажал, ауру

Күнбатысқа жол шегу – жамандықтың белгісі

Аң терісінен істелген бас киім кию – аурудың белгісі

Ай құласа, су тартылса, төбе құласа, әйел адам шашын қырықса, ат

Ертоқымсыз жүрсе – жаман белгі .
пышақ, қанжар, қамшы – ұл балаға жорылады

Түсіңде өзің ұшып жүрсең (сәмөлетпен емес) – қоныс аудару

Түйеге мыну – әбірой-атақ, бедел көтерілу

Столда отыру – жаңа қызмет
шам жанған столда отыру – ғылыми қызмет .

Өлген адамдар кірсе, олармен бірге жүрсең – қорқыныш емес, жақсылық .
зиратқа барсаң, тыпты ішіне түсіп жатсаң да – ол жақсылық, жолың болады .

Өлген адам бір нәрсе берсе – жақсылық

Бір нәрсе алып кетсе – жамандық (ондайда малға не дүние шығынына жоры)

Өлген адам үйіңнен бас жеп отырса – үй иесіне, беті-қол сүртетін орамал әкетсе — бауырыңа, тысың түссе – нағашыңа жорылады

Өлген туысың «тоңдым» десе – зиратын қара (құлаған жоқ па), «қарным ашты» десе – құран оқыңыз

Өлген туысыңыз әдемі киініп келсе, жүзіңізге тура қарап, анық көрсеңіз – сізге жақсылық болады

Егер нашар киініп, тура қарамай, күмілжіп сөйлесе – сізге келер жамандықтан хабар бергені

Өлген адам қара, қызыл, күлгін ұзын киім киіп жүрсе (өлгеннен кейін 20-30 жыл бойы солай кіруі мүмкін) – қиналғаны

Ақ кисе – иманды, артына риза

Жеңі шолақ киім киіп, шашын қысқа қиып кірсе – жатқан орнына не зиратына риза емес

Сары алтын, сары май – уайым

Кір сабын – орындалмайтын арман

Алыстағы туысыңыз доң асып кетсе – ешуақытта көре әлмәйсіз

Терезеден көрінген жарық сонсе – үзілген үміт

Кірлеген киім, төсек-орын – жәйсыздық, ұялу

Ит жеті қазынаның бірі, адамның досы болса да, түсіңе кірсе – дұшпан

Жылан – әйел дұшпан

Сары ала жылан не кобра – бастық әйел

Қасқыр – қырсық

Қой – ауырлық (прөблемә), кедейшілік

Піскен тағамның барлық түрі – ырыс, береке

Аю – сәтсіздік, қатты қиналасың

Маймыл – опасыздық, көре алмайтын дос

Биіктен құлағалы тұру – ауру, оператсиияға көрінеді

Жаңа киім – жаңа қызмет, әбірөй

Бас киімнің ішінде шлияпа – үлкен қызмет

Қызыл киім – өсек-аяңға ұшырайсың

Ақ арақ – олжа, табыс көзі

Түсіңде кіммен ұрсысып жатсаң – сол адам сен туралы өсек айтып жұр

Айран, сұт, қымыз, уыз, құрт – байлық, мансап

Қасық – ырыздық, берекесіздік.

Қаламсап – талант, дарын

Әдемі киініп жүрсең, айнаға қарасаң, шашыңды сәндеп тұрсаң – сәттілік, күтпеген қуаныш

Шеге суыру – қоныс аудару

Шеге қағу – жаңа мекен немесе үй салу

Құм кешіп жұру – отбасындағы үлкен қайғы

Үлкен мемлекет басшысын көрсеңіз – өзіңіз ойлағаннан да артық ақша келеді

Егер жас адамдар өзі ұнатқан адамын түсінде жиы көрсе, құшақтасып жүрсе де ешуақытта қосылмайды

Шошқаның піскен басы – ірі табыс (ақша)

Жылан алақаныңды шақса – әйел бастыққа ірі ақша төлейсің
04 қараша 2019 ж. 767 0