№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әр қазақтың баласы білгені дұрыс!

Әр қазақтың баласы білгені дұрыс!


- Жеті жоқ:
1.Жерде өлшеуіш жоқ.
2. Аспанда тіреуіш жоқ.
3. Таста тамыр жоқ.
4. Тасбақада талақ жоқ.
5. Аллада бауыр жоқ.
6. Аққуда сүт жоқ.
7. Жылқыда өт жоқ.

- Жеті қазына:
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ақыл, білім.
4. Жүйрік ат.
5. Қыран бүркіт.
6. Берен мылтық.
7. Жүйрік тазы.

- Жеті жетім:
1. Тыңдамаса сөз жетім.
2. Киюсіз тозған бөз жетім.
3. Иесіз қалған жер жетім.
4. Басшысы жоқ ел жетім.
5. Аққу-қазсыз көл жетім.
6. Жерінен айырылған ер жетім.
7. Замандасың қалмаса, бәрінен де сол жетім.

Алты игілік.
1. Денсаулық.
2. Қазына.
3. Дос.
4. Әйел (жар)
5. Білім.
6. Бала (ұрпақ)

Бес өсиет.
1. Топасқа сенбе.
2. Жауға иілме.
3. Әрқашан сақ жүр.
4. Аш үйге қонба.
5. Жарлыдан сый алма.

Бес қатер.
1. От.
2. Жау.
3. Борыш.
4. Ауру.
5. Сөз.

Бес қару.
1. Садақ.
2. Мылтық.
3. Найза.
4. Қылыш.
5. Айбалта.

Төрт түлік.
1. Түйе пірі - Ойсыл қара.
2. Жылқы пірі - Қамбар ата.
3. Сиыр пірі - Зеңгі баба.
4. Қой, ешкі пірі - Шопан ата, Шекшек ата.

Үш қат.
1. Жоғары қат (аспан)
2. Орта қат (жер үсті)
3. Төменгі қат

Үш дауасыз.
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.

Үш жақын.
1. Жан тәтті.
2. Мал тәтті.
3. Жар тәтті.

Үш қадірлі.
1. Ырыс.
2. Бақ.
3. Дәулет.

Үш арсыз.
1. Ұйқы арсыз.
2. Күлкі арсыз.
3. Тамақ арсыз.
24 қазан 2019 ж. 1 429 0