№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Әсерлі, рухты кеш

Рамазан Әбдіштің маңдайына жазылған тағдыр қиындығы ес білгелі жанына батты. Соның салдарынан балалық шақтың алаңсыз қызығын да көрген де жоқ. Бірақ рухты, жігерлі, қайсар жеткіншек тағдыр тауқыметін тартқанымен, мойыған жоқ. Қайта өмірге құштарлығын көрсетіп, ақындардың өлеңдерінен мән іздейді, оларды мәнерлеп оқуды әдетке айналдырды. Тағдыры өз қолында екенін түсініп, әуезді әуенге үн қосып, музыка өнерін меңгере бастайды. Мұны байқаған Рамазанның жақындары қолдау көрсетті, сахнадан өз еншісін алуға дем берді. 
Оған «Мен тағдырыма ризамын» атты шығармашылық кеште куә болдық. Рамазан Нұржанұлының 11 жасқа толуына орай Кейден ауылдық клуб үйінде өткізілген мәдени шараға ауылдың үлкен-кішісі жиналды. Аудан орталығынан да арнайы қонақтар келді. Прологпен басталған кеш көрерменін өзіне баурап алды.
Кешке келгендер ерекше рухтанып, жанарына жас алды. Солардың қатарында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Зулфия Шалабаева болды.
Олар Рамазанның бойындағы өршіл қасиетіне сүйсінді. Сахнадан қаймықпай, жанды дауыста нәзік әрі жоғары ноталы әндерді шырқағаны таңқалдырды. Жасөспірімді рухани қолдап, талабын шыңдап, сахна мәдениетін меңгеруге қолқанат болған Балмұхаммед Әбжапаровқа және ата-әжесіне, ата-анасына алғыс айтылды.
Ағайындар атынан Дәуітжан Мекебаев, ауыл имамы Әбдізайыр Әбжаппаров жігерлі жасқа өнер жолында сәттілік тіледі.
Рамазан қазақ өнерінің дамуына үлес қосқысы келетінін әндерімен жеткізіп, көрерменін серпілтті. Оны қолдау үшін өнердегі досы Азизбек Тасболат пен өнердегі ағалары Айдарбек Молдабек, Жасдәурен Сабырханов арнайы келіп, кеш иесімен бірге ән шырқады. Назерке Жәнібек пен Нұрай Нұрдін жетіген, шаңқобыз және домбырамен күй орындап, көптің көңілін толқытты. Кейденнің КТК құрамасы да
кештің шырайын кіргізді.
Оқуға, білуге деген талпынысы зор тәлімгерге ұстаздары өмірді тануды, тағдырға мойымауды үйретеді. Әсіресе музыка пәнінің мұғалімі Ербол Мырзабаев ән айтуға баулиды.Отағасының қолдауымен анасы Маржан әндерінің минусын жазып, уақытын тиімді өткізуге жағдай жасайды.  
№208 мектеп директорының орынбасарлары Ибрагим Әбжапаров пен Болатхан Ақылбеков сөз алып, оның өмірге құлшынысы, өнерге ұмтылысы қатарластарына үлгі екенін айтты. Кеш иесінің сыныптастары да сахнадан табылып, құттықтауларын жолдады.
Шығармашылық кештен кейін Рамазанның әжесі Күлайша Төлееваны әңгімеге тарттық.
– Балам 11 жасында тырнақалды шығармашылық кешін өткізіп, рухы асқақтап, жігері тасыды. Оны қолдаған барша азаматтарға алғыс білдіремін. Рамазанның жабырқау жанына дем беруге мән беріп келеміз. Бірақ бүгінгі кешінің жөні бөлек, – деді тілеулес әжесі.
Шындық үшін жертабандап жатып алудан тайынбайтын, айтқанынан қайтпайтын өнерпаздың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуына жол ашқан Балмұхаммед Әбжаппаровтің еңбегі зор.
– Жігерлі жасқа қатарластары бой түзеп, үлгі алғанын құптаймыз. Музыка – ұлттық өнердің өзегі. Оның арқасында мәдениетіміз құлашын кеңге сермейді. Рамазан сахна мәдениетін меңгеріп, 20-ға жуық әндерді репертуарына жазды. Мұндай істе анасы Маржан дем берсе, Айдарбек Молдабектің де еңбегі елеулі. Ол ауыр әндерді орындауға жүрексінбейді. Осы бетінен қайтпаса сахна жұлдызы болатыны анық, – дейді өнердегі қамқоршысы.
Әсерлі кешке келгендер рухтанып, өмірді басқа қырынан танып қайтты. Бәрінен бұрын, мұрат қойып, соған ұмтылса қолжетімді екенін пайымдады. Әсіресе өзі қатарлас оқушыларға үлкен ой салғаны ақиқат.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
22 қыркүйек 2019 ж. 646 0